Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас жігіт тергеу изоляторында көз жұмды: Оның бостандыққа шығуына екі күн қалған

Алматыдағы №18 тергеу изоляторында жас жігіт жұмбақ жағдайда көз жұмды. Абақтыдағы дәрігерлер азаматтың екпеден кейін жағдайы нашарлағанын айтты. Ал марқұмның туыстары мұнымен келіскісі жоқ.

Алматыда жас жігіт тергеу изоляторында көз жұмды: Оның бостандыққа шығуына екі күн қалған

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өйткені, мәйітте көгерген іздер бар болып шықты. Ал оның денсаулығында бұрын ешқандай кінәрат болмаған. 

Еркебұлан  Нұрмыхановтың соңғы видеосында туыстарының қуанышында ана туралы ән айтып отырған ол, сол күйі анасын көре алмай кеткен. 14 қарашада екі айға қамауға алынған жас жігіт, 16 қаңтарда шығуы тиіс болыпты. Алайда белгісіз жағдайда  тергеу изоляторында көз жұмған. Әкесі 4 күн бұрын ғана баласын көріпті, денсаулығына шағымданбаған екен. Туыстары марқұмның денесінде соққының іздері бар екенін айтады.

"Ұрып жіберді ма, көтеріп құлатып тастады ма, білмеймін. Түрінде ештеңе жоқ. Денесі жара, иық жағы жырылып қалған. Құлақ жағы көгеріп тұр", - деді марқұмның ағасы Руслан Байжігітов. 

Жақындарының айтуынша, Еркебұлан Ақжар елді мекенінде бойжеткенге араша түскен көрінеді. Өзге ауданнан келген жітттер арасында ерегіс туындап, туындап арты төбелеске ұласқан екен. Оқиға шілде айында болыпты. Ал, полицейлер оны қараша айында қамауға алыпты. Мынадай себепппен.

"Біз сот пен прокуратураға оны кепілмен босату туралы өтініш бергенбіз. Бірақ қанағаттандырмады. Бірақ,  процесуалдық кемшіліктер орын алғандықтан іс қайта тергеуге жіберілген. Ол қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген болатын", - деді марқұмның қорғаушысы Жарлығапбек Байшваков.

Тергеу изоляторының дәрігерлері Еркебұланның қызуы көтерілгендіктен оған дәрі салыпты. Онда кейін жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенше көз жұмыпты. Қылмыстық атқару департаментіндегілер оның денесаулығында кінәрат болғанын айтады.

«Осы жылдың 14 қаңтарында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында қамауға отырған  жігіт кенеттен көз жұмды. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, оның өліміне өкпе-жүрек жетіспеушілігі себеп болған. Денесінен азаптап өлтірудің белгілері табылмады. Бұл факті бойынша тексеру жүріп жатыр».

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ресми хабарламасы.

Алайда бұл уәжбен  туыстары мүлдем келіспейді. Балаларының өлімінде бір шикіліктің барына сенімді. Ал, Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жас жігіттің өлімі қылмыстық іс ретінде тіркелгенін мәлім етті. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық ісқозғалып тергеу амалдары қолға алынған.

Талқылау