Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреуі ауыр жаралы: Түркістан облысында мектеп оқушылары пышақтасты

Түркістан облысында қос мектептің оқушылары ерегісіп, бірі екіншісін пышақтап тастады. Салдарынан 16 жастағы жасөспірім ауыр дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін жанталасып жатыр. Дау неден туған? Кінә кімнен? 

Біреуі ауыр жаралы: Түркістан облысында мектеп оқушылар пышақтасты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елді елең еткізген оқиға Арыс қаласында болған. №8-мектептің 10-сынып оқушысы Бауыржан Момышұлы атындағы білім ұясының шәкіртіне күш көрсеткен. Құрдасынан зәбір көрген 16 жастағы жасөспірім келесі бір кездескенде оған пышақ ала жүгіріпті. Сөйтіп, ауыр дене жарақатын салған. Осы күні зардап шеккен оқушы аудандық орталық ауруханада жатыр. Дәрігерлер қолдан келгенше ем қолданып жатқанын айтады.

"Бала біраз қан жоғалтқан. Пышақ тыққан жарақаты бар. Пышақ тыққан жерлері, жамбасында біреу, санының артқы бөлігінде 4 жерден тыққан. әртүрлі үлкендікте 3-5 сантиматр кей жерде 7 сантиметр тереңдікке дейін жеткен", - деді Арыс ауданды орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Талғат Тәжіметов. 

Белгілі болғаны, күдікті мен жәбірленуші түйдей құрдас. Екеуінің де жасы 16-да, Арыс қаласында тұрады. Осы дерекке байланысты тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Пышақ жарақатын салған бозбала қазір уақытша ұстау абақтысында отыр. Оған қатысты тергеу жүріп жатыр. Егер қаскөйлігі толық дәлелденетін болса, жасаған әрекетіне сай жауапқа тартылуы әбден мүмкін.

"Қазіргі уақытта аталған жайтқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-99 бабы, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда", - деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қарагөзова. 

Шәкірттерінің бір-біріне пышақ ала жүгіргені, басқа-басқа ұстаздарын есеңгіретіп тастаған. Келешекте мұндай сұмдық жағдай болмасы үшін тоғыз жолдың торабындағы барлық білім ұясының мұғалімдері іле-шала бір мектепке жиналып, балалардың тәртібін талқылады.

"Мен сіздерге айтайын, көрші мектептерден бала болған соң болады. Өздеріңіз де мектепте оқыдыңыздар. Жеңіл-желпі ол балалық. Ал, енді күрделі мектеп арасындағы бір араздасу реніш деген мен өзім Комаров мектебімен болған емес", - деді мектеп директоры Мейіркүл Асқарова. 

Бұл Арыс қаласында жасөспірімдердің алғаш рет пышақтасуы емес. Осыдан төрт жыл бұрын дәл осындай оқиға кезінде оқушы жарақат алса, ізінше, атыс қаруынан үш бала зардап шеккен еді.

Талқылау