Bek Air ұйымының алдағы қызметі жайлы шешім 20 қаңтарда шығады
Bek Air әуе тасымалдаушы компаниясының алдағы қызметі жайлы шешім 20 қаңтарда айтылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс мәлімдеді.
"Мен Bek Air-ге қатысты барлық материалдармен танысып шықтым. Сондықтан 2016 жылы әуе ұйымына қатысты болған тағы бір оқиғаны еске салып өткім келеді. Осы жағдайға байланысты мекеме IOSA алуға ниет білдіруден бас тартты. Бұл сертификаттың берілмегеніне қарамастан әуе кемелерін ұйымның пайдалануы бір шикіліктің бар екендігін аңғартады. Сол себепті әуе компаниясының қызметі жайлы тоқтамға келдім", - дейді Питер Гриффитс.
Авиациялық әкімшілігінің бас директоры алдағы уақытта Bek Air ұшақтарының авиациялық қауіпсіздігін кімдер және қалай бақылағандығын анықталады деп сендірді.
"Мен апат орын алған жерге премьер-министрмен бірге барып көрдім. Сонымен қатар біз комиссия мүшелерімен тілдесіп, Bek Air ұйымының болашағы жайлы осы дүйсенбіде бір қорытындыға келетіндігі туралы білдім. Алдағы уақытта біз аталған әуе компаниясының авиациялық қауіпсіздіктің барлық талаптарын қалай сақтағандығын және оның кімдер қадағаланғандығын білетін боламыз", - деп аяқтады сөзін директор.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
