Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрі: Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын білім алуға пайдалану дұрыс емес

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтардың зейнетақы жинақтарын білім беруге мерзімінен бұрын жұмсау мүмкіндігіне қарсы болды.

Бұдан былай зейнатақыны смс-хат арқылы рәсімдеуге болады

«Біз жұмыс тобында білім алу үшін зейнетақыны пайдалану мәселесін талқыладық. Бүгінгі таңда жүйе білім алуға барлық мүмкіндіктерді ұсынады. Әсіресе, зейнет жасында мұндай қажеттілік қаншалықты. Сондықтан біз оны емделуге пайдалану дұрыс деп таптық. Мен мұны жеке басым қолдаймын, өйткені азаматтардың Еңбек министрлігіне жолдаған өтініштерінің 90 пайызы жиналған қаражатты емделуге жұмсауды сұрайды», - деді Нұрымбетов «24 Хабар» телеарнасындағы дөңгелек үстел бағдарламасында. 

Бағдарлама жүргізушісі Рахым Ошақбаев президент бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдайтынын атап өтті.

«Мен басқа мақсатты бағытты - білім беруді қолдаймын. Бұл 113-114 мың адам (зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің шегі бар), әдетте, табысы орташа деңгейден жоғары адамдар. Оларға сапалы ақылы білім алу міндеті тұр», - деп ескертті.

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Қаңтар, 2020 13:55
Талқылау