Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз баласын байлап тастаған әйелдің оқиғасы: Полиция мән-жайды түсіндірді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында өзінің жас баласын байлап тастаған әйелге қатысты егжей-тегжейлі мәлімдеді, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Түркістан облысында ұлының қолын байлап, аузын таңып тастаған әйел табылды

Еске салайық, Түркістан облысында ұлының қолын байлап, аузын таңып тастаған әйел табылды. Сәбидің әкесі түсірген оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

«8.01.2020 ж., баланың әкесі Сарыағаш ӨТБ-на өтініш жасады. Полиция бұл фактіні ҚР ҚК 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау» бабы бойынша тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал бұрынғы күйеуінің ұзақ уақыт бойы алимент төлемеуіне байланысты туындағаны анықталды.

Олар 2014 жылдан 2018 жылға дейін азаматтық некеде болды. Бірлескен некеде олардың екі жас баласы, бір қызы және бір ұлы бар. Әйел еш жерде тіркелмеген», - деп түсіндірді полиция.

Сот-медициналық сараптаманы тергеуші тағайындады. Бүгінгі күні сараптама нәтижелері бойынша баланың денесінде ешқандай дене жарақаттары табылмағаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

STAN.KZ
Жұма, 10 Қаңтар, 2020 18:58
Талқылау