Жалған ақпаратқа сенбеңіздер: Bek Air әуе компаниясы мәлімдеме жасады
Бүгін таңертең Алматы әуежайы маңында құлаған Bek Air ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Құрметті қазақстандықтар! BEK AIR атынан біз қайғылы оқиғаға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта біз оқиға орнында жұмыс істейтін қызметтерден ресми ақпарат күтудеміз.
Осы уақытта біз сіздерден анонимді хабарламаларға мән бермеулеріңізді сұраймыз, өйткені олар алаяқтық жолмен таратылуы мүмкін. Ресми ақпаратты күтіңіздер», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, авиакомпания өкілі Алматы әуежайында өткен брифингте жағдайға түсінік берді.
Еске салсақ, қайғылы оқиға бүгін, 27 желтоқсанда таңғы сағат 7-де болған.
Тағы оқыңыз
Динара Сәтжан ұшақ апатына байланысты Баян Алагөзоваға көңіл айтты
"Мен де сол уақытта ұшқан едім": Нұржан Керменбаев ұшақ апатына қатысты пікір білдірді
Талқылау