ІІМ: Ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
ҚР ІІМ Алматы маңында болған ұшақ апатына қатысты сот алды тергеу ісін бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз-қызметі мәлімдеді.
Қайғылы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 344-бабы 3-тармағы "Әуе транспортының қауіпсіздік ережелерін бұзғаны және дұрыс пайдаланбағаны үшін" бойынша іс қозғалыпты.
"Тергеушілерден, ІІД-нің орталық аппаратының қызметкерлері болып табылатын криминалитерден, Алматы қалалық және облыстық транспорттық сақшылардан және ІІМ ТЖК-ден құралған арнайы тергеу-оперативтік жасағы тексеріс барысын бастап кетті", - делінген баспасөз-хабарламасында.
Бұған қоса оқиға орын алған жерге арнайы қарауыл жұмылдырыпты.
"Апат орын алған жерге ІІМ-нің орынбасарлары Рашид Жақұпов пен Юрий Ильин құтқару жұмыстарын өз басшылықтарына алуға келді", - деп жазылған мәлімдемеде.
"Жалпы Алматы қаласының стационарларына әртүрлі жарақаттармен зардап шеккен 51 адам жеткізілді, оның ішінде 9 бала Балалар шұғыл көмек орталығына жеткізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Атап кетерлік жайт, Bek Air ұшағынан көз жұмғандар саны 15 адамға жетті. Оның ішінде ұшақтың пилоты да бар.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
