Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мойнына жіп оралған болды: СІМ қазақстандық елшінің өлімі жайлы сөз қозғады

ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Мысыр еліндегі елшісі Еламан Жолдасовтың өлімі жайлы тарап кеткен сыбыстар жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

елші

"Бұл сыбыстар шындыққа жанаспайды. Оның денесін тапқан кезде Жолдасовтың мойнында матадан жасалған жіп оралған болды. Елші баспалдақта ілініп тұрған жерінен табылды. Оның денесінде жарақаттар болмады және аяқ-қолдары байланбаған", - деп мәлімдеді Смадияров. 

Сөзінше, оның айтып отырғанын дәлелдейтін фото және видео айғақтар бар көрінеді. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін Мысыр елінде Қазақстан елшісінің қызметкері жұмбақ өліммен көз жұмғаны айтылған еді. Оған қоса елшінің артында екі баласы мен жүкті әйелі қалған көрінеді. 

 

 

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Желтоқсан, 2019 17:19
Талқылау