"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Талғар ауданы Талдыбұлақ ауданында жеке балабақшада бүлдіршіндер ерекше қойылым қойды. Қойылымның видеосы желіге тараған соң жауапты қызметкерлер жауап тартылатын болды. 

Видеодан кадр

Желіде тараған видеодан бүлдіршіндердің Тәуелсіздік күніне орай қойылым қойғанын байқауға болады. Қолына ойыншық  қару асынған балалар "Колбин, кет" деп айқайлайды.

Бұған Алматы облысы білім басқармасы жауап берді. 

"Facebook" әлеуметтік желісінде орналастырылған бейне туралы төмендегіні мәлімдеймін.

Көрсетілген іс-әрекет 2019 жылғы 12 желтоқсанда Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы «Бал бұтақ» ЖШС-нің «Бал бұтақ» жекеменшік балабақшасының «Сұнқар» ересектер тобында орын алған.

Аталған жекеменшік балабақша 80 орындық. 2018 жылғы 27 қарашадан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында бейнеде көрсетілен бағыттағы іс-шаралар қарастырылмаған және де ондай шараларды жүргізуге жол берілмейді.

Бұл - жекеменшік балабақшаның өзіндік әуесқойлық қойылымы.

Қазіргі таңда балабақша құрылтайшысы мен әдіскері Талғар аудандық білім бөліміне түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін шақырылды.

Сондай-ақ, өз тарапымнан, осындай іс-әрекетке жол берілмеуі керектігі туралы және осындай іс-әрекеттерге жол берген осы адамдарға ең қатаң жазалау шаралары қолданылатын мәлімдеймін", - деді басқарма жетекшісі Дәурен Жүнісов.

"Желіде балабақшалардың бірінде видео таралып жатыр. Оқиғаның біздің облыстағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болғанын білдік. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қарастырылмаған және қабылданбайды. Қазір мектепке дейінгі білім беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшінбалабақша құрылтайшысы және әдіскері аудандық білім бөліміне шақырылған", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жукел.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ коронавирусқа шалдыққан науқасты роботтың көмегімен емдеуде

Бұл жағдай ауру таралуының алдын алу үшін жасалып отырған көрінеді

Алғашқы 100 пайдаланушыға бонустар: АТФБанк кәсіпке арналған жаңа қосымшаны іске қосады

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады

Bek Air билет ақшасын қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады

9 ақпанға дейін Bek Air рейстерінің тоқтатылғаны туралы хабарланды

Супруга с известной фамилией. Что известно о новом после в России Ермеке Кошербаеве и его семье?

Шашын 8 жыл жумаған қыз алған әсерін бөлісті

Бойжеткен: Шашым тез өсе бастады

Иті өз иесін қытайлық індеттен аман алып қалған

Әйел Уханьға барып қайтпақшы болған, бірақ иті оның төлқұжатын кеміріп тастапты

Ұшақтың зиянынан ұяламыз: Еуропалықтар ұшаққа отырудан бас тартуда

Еуропада қоршаған ортаны қорғау қозғалысы барған сайын танымал бола бастады

Қарағанды облысында жедел жәрдем қызметкері жүкті әйелді босандырып алды

Әйелдің ауруханаға барар жолда толғағы басталыпты

"Техникалық құралға ақшамыз жетпейді": Мемлекеттік тілді «аяқ асты еткен» алматылық супермаркетке қатысты сот ісі басталды

«Арзан» қожайындары латын графикасының бекітілуін күтіп отырмыз дегенді айтып ақталыпты

Қазақстанның Ресейдегі жаңа елшісі тағайындалды

Бұл лауазымға Ермек Көшербаев ие болды
Çàãðóçêà...