Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күзетші орнына кәдімгі офицер отыру керек": Депутаттар мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне алаңдаулы

Депутаттар оқушылардың қаупісіздігіне алаңдаулы. Еліміздегі мектептердің көбінде қарапайым бейнебақылау камералары орнатылмаған дейді. Ал ондағы күзетшілер тіпті бөлек әңгіме.

мектептердің көбінде қарапайым бейнебақылау камералар орнатылмаған дейді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Десе де қағаз жүзінде қаржыландыру болғанымен, іс жүзінде ауыл-аймақтағы білім ордаларының басым бөлігі теракт болған жағдайда оған қарсы тұра алмайды. Сондай-ақ, халық көп жүретін ойын-сауық кешендері мен емханаларда қауіпті нысандардың біріне жатқызылды.

Елімізде  шамамен 3 жарым мың мемлекеттік нысан терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сай емес. Оның басым бөлігі мектептер. Бұл тізімге аурухана, ойын-сауық орталықтары, мәдениет және спорт ғимараттары да кіреді. Ал негізгі нысандардың лаңкестік актілерге дайын болмауына қаржының жетпеуі себеп.

Осы ретте Нұрлан Нығматулин бірнеше мәселеге тоқталды. Білім ордалары ең болмағанда бейнекамералармен қамтамасыз етіліп, күзетшіге талап күшейтілуі тиіс. Атап айтқанда, кәнігі офицер отыру керек дейді. Бірақ, қазір бұл талаптар орындалмай келеді.

«Мектеп, емханаларда қарапайым бейнебақылау камералары жоқ. Егер жергілікті бюждетте қаржы қалса ғана орналастырады, болмаса сол жабулы қазан күйінде кете береді. Осы ретте айтарым, халықтың қауіпсіздігін арттыру үшін оған бөлінетін қаржыға талаптарды қатаңдату керек.  Тараздағы оқиға қайталанатын болса, кінәліні іздеп отырамыз. Қазір әлемде түрлі жағдай орын алуда, осыны ескерген жөн!», - дейді депутат Гүлжан Қарағұсова.

Лаңкестерден қорғау үшін жыл сайын бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді дейді депутаттар. Бірақ, жергілікті атқарушы органдар оны тиімсіз пайдалануда. Салдарынан, мектептерді қауіпсіздік шараламен қамтамасы ету мәселесі толық шешілмей келеді.

«Әкімдіктердің жанында антитеррористік комиссия бар, оны облыс әкімі басқарады. Олар тоқсан сайын отырысқа жиналып, осы мәселелерді қарайды. Ұсыныстар әзірленіп, Ішкі істер министрлігі тарапынан кешенді тексеріс жүргізіледі. Жыл сайын әр нысан тексеріліп, ұсыныстар әзірленіп, комиссия отырысына шығарылады. Содан кейін ғана қаржыландыру мәселесі көтеріледі», - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті антитеррорлық орталық штабы басшысының орынбасары Герман Диденко. 

Ал вице-премьер әрі қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет терроризмге және діни экстремизмге қарсы бағдарлама әзірлегенін жеткізді. Мәселен, биыл дәл осы жобаны іске асыру үшін қазынадан 58 миллард теңге бөлініпті.

«Мектептерде видео орналатыру керек. Тиісті офицерлер отыру керек,. Мысалы үкімет терроризмге қарсы, діни экстермизмге қарсы маңыздылығын ескере отырып 5 жылға бағдарлама әзірледі. Жыл сайын 36 млрд теңге бөлеміз. Бұған қосымша әкімдіктер де жергілікті бюджеттен қаражат бөлуі тиіс», - деді қаржы министрі Әлихан Смаилов. 

Айта кетейік ішкі істер министрлігі жүргізген тексеріс нәтижесіне қарағанда еліміздегі 10 мыңнан аса мемелекеттік нысанның 35 пайызы терроризмге қарсы талаптарға сай келмейтіні анықталған.

Талқылау