Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың Қырым туралы сөзінен кейін Украина СІМ Қазақстан елшісін шақырды

Украинаның сыртқы істер министрлігі Қазақстан президентінің Қырымды «аннексиялау туралы» резонанстық мәлімдемесінен кейін Қазақстанның Украинадағы елшісі Самат Ордабаевпен кездесті.

Самат Ордабаев

Тараптар Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастардың жай-күйі туралы пікір алмасты, сондай-ақ елдердің халықаралық ұйымдардағы өзара іс-қимылын талқылады, деп хабарлайды Украина СІМ ресми сайты.

Хабарламада украин тарабы Қазақстан басшысының Deutsche Welle-ге берген сұхбатында айтқан Қырымдағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын қабылдауға алаңдаушылық білдіргені айтылған. Нәтижесінде қазақстандық және украиндық тараптар бір-бірінің тәуелсіздігі, тұтастығы мен егемендігін құрметтеу қағидаттарын ұстанатындарын растады.

Талқылау