Көз жұмды деп есептеп, денесін өртеп жібере жаздаған
Үндістанның Одиша штатының тұрғынын көз жұмды деп есептеп, өртеп жібере жаздаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше күн нәр татпаған әйел есінен танып қалған көрінеді. Алайда оның туыстары мен көршілері әйелді қайтыс болды деп ойлап, денесін зиратқа өрттеп жіберуге алып барған.
Туыстары денесін отқа жағайын деп жатқан кезде әйел есін жия бастаған. Мұны байқап қалған жақындарының бірі оның тамыр соғысын тексеріп, әйелді тірі екендігіне көз жеткізіпті.
Артынша жерлеу рәсімін аяқтап, жедел жәрдем шақыртылыпты. Алайда әйел ауруханаға жеткен кезде көз жұмды.
Бұған дейін дәрігерлердің қателесіп тірі науқасты өлді деп "жерлеп" тастағаны айтылған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"