"Ұлды болғанын естіді ме екен": Нұр-Сұлтанда жол ортасында билей кеткен жол полицейі елді күлдірді (видео)
Нұр-Сұлтанда жол ортасында қызмет етіп тұрған полицей билей жөнелді. Бұл видео желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.
Оқиға елордада болды. Жол сақшысы әуелі телефонмен сөйлеседі де, бірден қуаныштан билей жөнеледі. Желі қолданушылары әртүрлі пікір жазып жатыр.
"Мүмкін балалы болғанын естіп, қуаныштан билеп жүрген шығар", "Не де болса, есінен тана қуанып жүр", "Қандай жағдай болса да, жұмысын дұрыс атқаруы керек", - дейді олар.
Желіде тараған видеоға Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова жауап берді.
"Бұл тұрақта түсірілген фильм эпизоды. Көктемде, мамыр айында түсірілген. Полицей ролінде актер ойнап тұр", - деді София Қылышбекова.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы