Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен көрген ең әдемі жер": АҚШ президентінің ұлы бір апта киіз үйде тұрды

АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы бір апта бойы Моңғолия даласында киіз үйде тұрды.

Ол сапар туралы алған әсерлерімен Instagram-да бөлісті.

"Жігіттер, мен бір аптаның ішінде Доннимен киіз үйде болғаннан кейін елге қайттым. Біз жол талғамайтын көліктерімен және атпен жүрдік. Бұл шынымен де мен үшін ең әдемі жерлердің бірі. Мен ондағы адамдардың өте мейірімді екенін көрдім. Осындай таңғажайып демалыстан кейін мен желіге а оралғаным үшін көңілім түсіп отыр", - деп жазды кіші Дональд Трамп.

Киіз үйден қазақша ою-өрнекті байқауға болады.

Трамп сапарынан көптеген фотосуреттерді жариялауға уәде берді.

Дональд «Дон» Трамп (31 желтоқсан 1977 ж.т.) - америкалық бизнесмен. АҚШ президенті Дональд Трамп пен чех моделі Ивана Трамптың ұлы.

Талқылау