Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхит Сапарбаев: 5 күн комада жатып, небір таңғажайып нәрселерді көрдім

Журналист Мұхит Сапарбаев Жеңіс Ысқақовамен сұхбаттасу барысында өз өміріндегі жаңалықтарды айтты. Ол журналистерге тән қасиеттерден бастап, өзі тап болған қиындықтары туралы сөз етті. 

Мұхит Сапарбаев: Өзім сұхбат алатын адамдардың тәрбиесіздігіне, білімсіздігіне көңілім толмайды

Бұл туралы "Жеңіс шоу" бағдарламасында айтылды.

Бүгінде өз алдына мектеп ашып, жас журналистерді даярлауды қолға алған Мұхит Сапарбаев көңілі толмайтын жағдайлар мен адамдар жайлы сөз қозғады.

"Мен өзім сұхбат алған адамдардың 60 пайызына көңілім толмайды. Біліміне, тәрбиесіздігіне көңілім толмайды. Кейде өзім жек көретін адамды сұхбатқа шақырып, бағдарлама барысында оны жақсы көруге тырысамын. Бұрын көрерменнің көзқарасында болатынмын. Қазір көзқарасым мүлде бөлек. Адамдардың екіжүзді болатынын, өтірік күлетінін, сырт адамға әдемі көрінгісі келетінін білдім. Сондықтан қазір адамдармен жақын араласқым келмейді. Алыстан танып, артық кемшіліктерін білмеуге тырысамын", - дейді журналист.

Айтуынша, тілшілік жұмыстан бастап қазіргі жағдайға өзінің еңбекқорлығының арқасында жеткен. Ал, өзгенің ойы, елдің не айтқанын көңіліні алмауды әдетке айналдырған.

"21 күн ауруханада жаттым. 5 күн жансақтау бөлімінде болдым. Былайша айтқанда, комада жаттым. Комада небір таңғажайып нәрселерді көрдім. Содан бастап қазір әр күніме шүкіршілік етем. Комадан оянғанымда, аурухананың терезесіне жақындап келдім. Көктем шыққан кез еді. Далада екі жігіт кетіп бара жатыр екен. Сол кезде маған екі жігіттен асқан бақытты адам жоқтай көрінді", - дейді Сапарбаев.

Мұхит Сапарбаев жас кезінде ішімдік ішіп, темекі шеккенін, тіпті шөп шеккенін жасырмайды. 

"Адам алланың берген денсаулығына өзі жауап береді. Сондықтан ішімдік ішпе, шекпе де айтқым келмейді. Өзі біледі. Әркім өзі үшін жауап береді", - дейді ол.

Талқылау