Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізуші планетаны ластамау үшін дәреттен соң унитаз суын ағызбайтынын айтты

«Би-би-си» телеарнасының жүргізушісі Эмма Кинан экологияға залал келмеу үшін қандай әрекетке барғанын айтты. Алайда желі қолданушылары оның әрекетін жиіркенішті деп атады. 

Тележүргізуші планетаны ластамау үшін дәреттен соң унитаз суын ағызбайтынын айтты

Эмма Кинан планетаға зиян келмеуі үшін унитазға дәрет сындырған соң суын ағызбайтынын айтты. Әрбір рет дәретханаға барған сайын суды ағызбай үнемдейтінін еткізді. Айтуынша, зәр әбден қоңырқайлана бастағанда ғана суды жіберетін көрінеді. Унитаз суын бір рет пайдалану үшін отбасы мүшелері бір уақытта дәретке баруды әдетке айналдырған. 

Тележүргізушінің айтуынша, ескі унитаздар бір рет пайдаланғанда 13 литрге дейін су ағызады. Яғни, үнемдемесе күніне бір адам 70 литрге дейін су ағызады. 

Желі қолданушыларыныңкөпшілігі бұл әрекетті қолдамады.

"Мен де осылай жасап көрдім, бірақ бұл шешуші жол емес", "Зәрдің иісі шығады, ауа ластанады, керісінш ауру табады", "Миға кірмейтін әңгіме, дәреттен соң суды қалай ағызбауға болады", деді олар.

Пікір дазушылар арасында жүргізушінің суды үнемдеп, зиянды заттардың аз болуына үлес қосып жатқанын айтқандар да бар. 

 

Талқылау