Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Невропатолог интернеттің қарт адамдарға беретін пайдасы туралы айтты

Невропатолог Мария Чердак ғаламторды тұрақты түрде пайдалану деменцияның даму қаупін екі есе азайтатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Известия" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, интернетті жиі пайдаланатын егде жастағы адамдардың интернетті пайдаланбайтындармен салыстырғанда танымдық қабілеті, ойлау жүйесі мен есте сақтау қабілеті жоғарырақ. 

"Бұл мидың қартаю процесін бәсеңдетуге және деменцияның даму қаупін азайтуға мүмкіндік береді", - деді Чердак.

Дәрігер компьютерде жұмыс істеп, желілік ресурстарды пайдаланудың пайдасы мидың функционалдық белсенділігін арттырады деп түсіндірді. 

"Қалыпты жұмыс жүктемесінен кейін мидың тұрақты ынталандыруы жоғалады. Сол сәтте мидың кей бөліктері жұмыстан ажыратылып, деградация процестерін тудырады", - деді Чердак. 

Невропатологтың айтуынша компьютерді белсенді пайдалану адамның зейінін шоғырландыруға, жаңа дағдыларды меңгеруіне және ақпаратты талдауына көмектеседі.

Чердак онлайн ойындар мен әлеуметтік желілерге шамадан тыс құмарлықты азайту үшін компьютер мен интернетті күніне екі сағаттан артық қолданбауға шақырды.

Талқылау