Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неткен керемет почерк": Нұрлан имам Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазуына тамсанды

Көпшілік арасында “TikTok имам” атанып кеткен Нұрлан Байжігітұлы желідегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қолымен жазған хатын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/nurlanimam.kz

Мемлекет басшысы отандық телеарналардың біріне алғыс хат жолдады. Президент телеарнаға шығармашылық табыс тілеп, алғыс хатты өз қолымен толтырған.

Аталмыш телеарнадағы бағдарламалардың бірін жүргізетін имам Нұрлан Байжігітұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазуына тәнті болды.

“Неткен керемет почерк. Осы жазуы қалай болса, мінезі мен ұстамдылығы да солай дейді мамандар”, – деп жазба қалдырды дінтанушы.

Талқылау