Netflix компаниясы Қазақстан туралы фильм түсірді
Фото: Comic Con Astana
Netflix халықаралық платформасы Қазақстан тарихына негізделген жаңа туындысын ұсынды. "La Tregua" ("Перемирие") деп аталатын фильм Испанияның 2025 жылғы ең ауқымды жобасы саналып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сюжет сталиндік репрессияның ең ірі лагерьлерінің бірі – Қарлагқа апарады. Сол жерде испан соғыс тұтқындары мен қазақ медбикесі Айсулу кездесті. Бұл оқиға – идеологиялар күйреген кезде адамгершілік сақталатынын көрсетеді.
Басты әйел рөлін актриса Дина Тасбулатова сомдады.
"Жарты жыл дайындалып, тарихшымен жұмыс істедім. Ашаршылық пен репрессия туралы кітаптар оқыдым. Ол жылдары әйел қалайша Қарлагқа түсуі мүмкін екенін түсіну мен үшін маңызды болды", – деді Дина Тасбулатова.
Айсұлу – күштің символы. Динаның айтуынша, ол кейіпкердің даналығын, болмысын көрсетуге тырысқан. Ең бастысы – эмоцияны шынайы сезіну болған.
Динамен бірге Мигель Эрран да ойнайды. Оны біз "Бумажный дом" фильмінен танимыз. Сондай-ақ "Элитада" ойнаған Арон Пипер де фильмде төбе көрсетеді. Актриса атап өткендей, Мигель бірге жұмыс істеген ең үздік әріптестердің бірі. Ол әрдайым сахнада да, камера артында да қолдау көрсеткен.
Түсірілім алаңында қазақтың дәстүрлі тағамы ет те әзірленген. "Перемирие" фильмі 10 қазанда Netflix платформасында бүкіл әлемге жол тартады. Қазақстанда да премьералық көрсетілімдер мен актерлер қатысатын баспасөз конференциясы өтпек.
Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
Еске салайық, бұған дейін шымкенттік саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы Сәуле Кушерованың үлкен атасының 1930-жылдардағы репрессия кезінде жалған айыппен атылып кеткені туралы жазған едік. Ал әжесі АЛЖИР лагеріне қамалған. Балалары шашырап кеткен, отбасы фамилиясын өзгертуге мәжбүр болған. Сәуле бүгінде атасының, әжесінің және әулетінің тағдырын архивтік материалдар арқылы зерттеп, жазып жүр. Бұл оқиғалар қазақ тарихындағы ауыр кезеңдердің бірі – саяси қуғын-сүргінді бейнелейді.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
