Соңғы жаңалықтар

"Netfliх, HBO сияқты кинокомпаниялар Азияға бет бұруда": Президент тарихи фильмдер түсіруге көңіл бөлуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақаласында тарихи кинотуындыларды түсіру қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент бұған дейін түсірілген тарихи фильмдер санының аз екеніне тоқталды. 

"Іргелі ізденістердің нәтижесі тек сол сала мамандарының игілігіне ғана айналуы орынсыз. Оны қалың жұртшылыққа түсінікті және қолжетімді ету қажет. Өйткені тарихшылардың ғана емес, барша жұрттың, әсіресе, жас ұрпақтың тарихи санасы айқын әрі берік болуға тиіс. Бұл ретте, ауқымды көрмелермен немесе басқа да үлкен жобалармен әуестенбей, балаларға, жастарға арналған қарапайым әрі қабылдауға жеңіл туындыларға баса мән берген жөн. Мысалы, деректі және көркем фильмдерді алайық. Осы бағытта "Алмас қылыш", "Жау жүрек мың бала", "Томирис", "Кейкі батыр", "Тар заман" сияқты тарихи фильмдер түсірілді. Бірақ бұл әлі жеткіліксіз", - деді Тоқаев.



Осы тұрғыда мемлекет басшысы аз қаражатпен бірегей туынды түсіру мүмкін екенін алға тартты. 

"Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын. Әрине, қаржы мәселесі шешілуі керек. Дегенмен көп қаражат жұмсамай да жоғары деңгейдегі өнер туындысын түсіруге болатынын қырғыз бауырларымыз "Құрманжан датқа" фильмі арқылы анық көрсетті. 

Бүгінде әлемдік киноиндустрияда тарих тақырыбындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Американың да, Еуропаның да айтулы оқиғалары туралы фильмдер өте көп. Қазір Netfliх, HBO және басқа да алпауыт кинокомпаниялар Азияға бет бұруда. Осы орайда біздің де шежіремізде ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі болған Алтын орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласының мамандары баса назар аударғаны жөн", - деді Тоқаев. 

Бұған қоса, ол көркем және деректі тарихи туындыларда мемлекеттілік және мемлекетшілдік идеясы әрдайым көрініс табуы қажет екенін сөз етті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр