Несие алғанын ұмытып қалған: Қазақстандық азамат "алаяқтардың" үстінен негізсіз арызданған
Ақмола облысындағы Ақкөл қаласының тұрғыны интернет арқылы несие алғанын ұмытып, алаяқтардың құрбаны болдым деп шағым түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
37 жастағы азамат биылғы 23 сәуірдегі арызында микроқаржы ұйымынан белгісіз біреулер оның атына несие рәсімдегенін жазған. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі – "Бір топ адамдардың қызметтік бабын пайдаланып не ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдап, не мемлекеттік сатып алу саласында алаяқтық жасауы" бойынша тергеу амалдарын бастады.
"Жедел уәкілдер өтініш берушінің елордада жүргенде өз атына онлайн несие алуға өтініш бергенін анықтады. Ол несие алғаны туралы ұмытып кеткенін айтты", – деп хабарлады полицейлер.
Енді полицейлер ер адамды арыз жазуға не итермелегенін анықтамақ.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”