Несие төлеуден жалтармақ болған: Нұр-Сұлтан тұрғыны өзінің көлігін ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтан тұрғыны таныстарына өзінің көлігін ұрлауға тапсырыс берген. Ер адам осылайша автокөліктің несиесін төлемеуге тырысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда тұрғыны полицияға Toyota RAV 4 көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтқан. Автокөлікті былтыр несиеге сатып алған. "Ұрлау" сәті оқушылар сарайының жанындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 53 жастағы жәбірленуші сақтандыру төлемдерін алу мақсатында несие бойынша төлем жасаудан жалтарып, өз көлігін ұрлап әкеткені анықталды. Қылмыстық жоспарды ойластырғаннан кейін ол автокөлікті ұрлағаны үшін ақшалай сыйақы төлеуге уәде еткен таныстарын тапты. Жалған ұрлаушылар көлікті ұрлап, оны Алматы облысында белгісіз тұлғаларға сатқан. Қылмыскерлер ұсталып, кінәсін мойындады", - деп хабарлады полицияда.
Көлік иесіне "көрінеу жалған ақпарат бергені" үшін қылмыстық іс қозғалды.
Құқық қорғау органдарының азаматтарына жалған ақпарат таратқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертті.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
