Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Непалдағы ұшақ апаты: Оқиға орнынан бейнекадрлар пайда болды (видео)

Непалда ұшақтың апатқа ұшыраған кездегі кадрлары Twitter әлеуметтік желісінде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түсірілімнен скриншот

Желіде Непалдағы құлаған ұшақтың салонынан бейнелер таратылуда. Жолаушылардың бірі Facebook-те тікелей эфир түсіріп, қайғылы оқиға көрінісі желіде сақталған.

Үндістандық Сону Джайсвал есімді 35 жастағы ер адамның тікелей эфирінде Yeti Airlines авиакомпаниясының апатқа ұшыраған сәтін сақталды. Ер адам қаза тапты.

Ер адам өзін, айналасындағы жолаушыларды және терезеден көріністі видеоға түсірді. Кадрларда ұшақтың төмендей бастағанын көруге болады. Барлық жолаушылар жақсы көңіл-күйде болды. Кенеттен айқай естіліп, бәрі қараңғыланды. Видео соңында от, металл құрылымның сынықтары және сықырлаған дауыстар шығады.

 

Авиация басқармасының мәлімдеуінше, апатқа ұшақтың техникалық ақауы себеп болды.

"Ауа райында ешқандай олқылық болған жоқ, ұшақтың техникалық себептермен құлағаны туралы алдын-ала ақпарат келді. Ұшақ жерге құламай тұрып, өрт шыққан", – деді Непалдың азаматтық авиация басқармасының өкілі Гянендра Бхул.

Десе де Непал билігі мұның нақты себебін 45 күн ішінде дайын болатын арнайы комиссияның есебінде айтады.

Естеріңізге салсақ, ATR 72 жолаушылар ұшағы 15 қаңтарда апатқа ұшырады, борт Непал астанасы Катмандудан Похараға бет алғаны хабарланды. Барлық 68 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі қаза тапты.

Жолаушылар арасында 53 непалдық, 5 үнді, 4 орыс, 2 кәріс және Ирландия, Аргентина, Австралия мен Франция азаматтары болды. Жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ.

Непал үкіметі бір күндік ұлттық аза тұтуды жариялады.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 16 Қаңтар, 2023 07:58
Талқылау
`