Непалда етеккір кезінде үйден қуылған екі әйел көз жұмды
Непалда етеккір кезінде әйелді үйден қуып шығу заңмен қудаланатын болды.
Суретте Непал әйелдері
Бұл туралы BBC хабарлады.
Бұдан былай етеккір кезеңінде әйелді қудалаған жандар 3 айға абақтыға жабылады немесе 30 доллар көлемінде айыппұл төлейді. Мұндай заң «қиын кезеңде» үйден қуылған екі бойжеткеннің өлімінен соң қабылданып отыр.
Непалда чаупади дәстүріне 2005 жылы-ақ тыйым салынған болатын. Алайда ол үшін заңдық тұрғыдан жауапкершілікке тартпайтын. Өткен сәрсенбіде қабылданған жаңа заңға сәйкес, әйел заты кемсітушілікке ұшырамауы тиіс.
«Біз халыққа чаупади дәстүрінің адамгершілікке жатпайтынын түсіндіру үшін ұзақ күрестік. Енді билік бұл заңды түбегейлі өзгертетін шығар», – дейді әйелдер құқығын қорғаушы белсенді Пашупати Кунвар.
Чаупади деп аталатын үнді дәстүріне сәйкес – жаңа босанған немесе етеккірі келген әйел таза емес деп саналады. Жұрт ол бақытсыздық пен сәтсіздік әкеледі деп сенеді. Сондықтан бұл уақытта нәзік жандыларды үйден қуып шығу дәстүрге айналған. Сондай-ақ, «таза емес» әйелдерге ерлермен бір ваннада жуынуға, олармен байланысқа түсуге және толыққанды тамақтануға тыйым салынады.
Естеріңізде болса, шілде айында осыған ұқсас оқиға тіркелген болатын. Етеккірі келген қызды бөлек үйшікке қамап қойған туыстары жылан шағып алса да, оны дәрігерге қаратпаған. Сондай-ақ, 2016 жылы “қиын кезеңде” жылыну үшін сарайға кірген 15 жастағы қыздың өлімі туралы белгілі болған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Күйеужігіт қалыңдығы арықтасын деп оған саусағынан бір өлшемге кем жүзік сыйлаған (фото)
USB-порттың ең негізгі қауіптілігі анықталды