Неміс маманы Рахат Әлиевтің кісі қолынан қаза тапқанын жариялады
Былтыр ақпанда Вена түрмесінде өлі күйінде табылған Рахат Әлиев кісі қолынан қаза тапқан деген жаңа ақпарат пайда болды.
Фото: AFP
Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.
Бұл туралы 12 желтоқсанда Венада өткен баспасөз конференциясында неміс профессоры, буындыру және асып өлтіру істері бойынша маман Бернд Бринкманн мәлімдеді. Ол ресми сот-медициналық сараптамасының “Әлиев өзі асылып өлді” деген тұжырымын қате деп атады. Бринкманн Әлиевтің мәйітіне жасалған паталогоанатомиялық зерттеулерден соң марқұмды денесінде зорлық іздері аса білінбейтіндей деңгейде буындырып өлтірген деген қорытынды жасағанын айтты.
Баспасөз жиынында Әлиевтің жесірінің адвокаттары қазір тергеуді қайта жүргіздіртуге талпынып жатқанын айтты.
Вена түрмесінде 2014 жылдың маусымынан бері қамауда отырған Рахат Әлиевке Австрия прокуратурасы жарты жылдан кейін «Нұрбанктің» екі топ-менеджері – Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің өліміне қатысы бар деп айып таққан. Қазақстан билігі оны «екі адамды ұрлап әкетіп өлтірді әрі мемлекеттік төңкеріс әзірледі» деген айыппен сырттай 40 жылға соттаған. Ал 2015 жылғы ақпанның 24-і күні оның түрмеден өлі күйінде табылғаны хабарланған еді.
Оқи отырыңыз:
Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)
Туыстары Әблязовтың бостандыққа шыққанын айтып сүйінші сұрады
Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)
Бекболат Тілеухан министрден Facebook желісін ауыздықтауды сұрады