Фотограф Солтүстік Кореяның әлем білмейтін қырларын паш етті (фото)
Мартин Фон Ден Дриш Солтүстік Кореяда сегіз күн жүріп, түрлі сурет түсірген. Ол Берлин қаласының тумасы. Аталған елге 2014 жылдың тамыз айында барған. Бір кездері ол өзінің әйелі Джулия Киммен бірге Мәскеуден бастап Владивостокқа дейін көлікпен саяхаттаған. Неміс фотографы Солтүстік Кореяны мүлдем басқа қырынан көрсетті.
Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.
48 жастағы фотограф Солтүстік Кореяға 30 адамнан тұратын топтың құрамында барған. Қасына әйелі Джулия Кимді де ерте келген екен. Олар Пхеньян аймағынан бастап, Оңтүстік Кореяға дейін саяхаттаған. Топтағы адамдардың қасында мемлекет тарапынан бөлінген арнайы қызметкерлер болған екен.
Мартиннің суреттерінен Солтүстік Кореядағы жағажайды, осы өлкені әдемі таулары мен жиі күлімсірейтін адамдардың суретін көруге болады. Алайда бұл суреттер басшылыққа ұнамай, олардың барлығын өшіріп тастауды талап еткен екен.
Мартин өзінің кампаниясын ашып, кітабын шығаруға ақша жинап жүр. Ол туындысын “Шекара асып: Солтүстік Кореяның біз білмейтін ұлылығы” деп атамақ.
Елдің астанасы Пхеньяне қаласының тұрғындары 3D форматтағы киноларды көргенді ұнатады екен
Жағажайдағы кішігірім Wonsan қаласында отырған даяшы. Ол өзінің түскі асын ішіп отыр
Joint Security Area конференция залын күзетіп тұрған екі сарбаз
Бұл суреттен униформа киіп ән салып бара жатқан сарбаздарды көруге болады
Мектеп оқушысы инені сабақтауға қиналып отыр
Мартин мен өзге туристер Солтүстік Кореяға келген кезде, даяшы әйел оған жылан салынған арақ ұсыныпты
Бұл сурет мемлекет құпия ұстап отырған ауылды түсірілген. Оны сол жерде өшірткізген екен. Алайда фотограф қайта қалпына келтірудің жолын тапқан
Бір топ туристің көлігі сынып қалған. Адамдар оны итеріп көлік жөндеу орталығына апармақ
Бұл суреттің Солтүстік Кореяның жұрт біле бермейтін қырын көрсетті – әдемі таулар мен жағажайлар
Аталған жағажайда алтын түсті, жұмсақ құм бар
“Чон” немесе “Аспан көлі” деп аталатын кратерлер
Ауылдық жерлердегі полицейлердің аппақ әрі кіршіксіз таза киімі туристерді қайран қалдырды
Неміс суретшісі Мартин Фон Ден Дриш пен оның әйелі Джулия Ким
Сатушы қыз келушілерге түрлі азық-түлік ұсынып жатыр
Экскурсия кезінде туристер Солтүстік Корея жануарларының мұражайына барды
Оқушылар пернетақтамен жұмыс істеуді үйреніп жатыр
Басшылық тыйым салса да, Мартин кей адамды суретке түсіріп үлгерген
Пхенья қаласындағы парламент ғимараты. Мұнда 687 аймақтан тағайындалған шенділер келеді. Олардың елге қызмет ету мерзімі – 5 жыл
Сарбаз әйелдер Paektusan тауын күзетіп тұр. Солтүстік Корея азаматтары өздерінің қорғандарын ерекше жақсы көреді
Пхеньян қаласында аквабақ. Оны ел басшысы арнайы салдырған екен
Бұл суреттен бұралып атып келе жатқан таңды көресіз
Қарапайым ауыл тұрғындары. Олар төрт түлік мал бағып, ауыл ішінде велосипедпен қатынайды