Неліктен коронавирусқа тексерілу медициналық сақтандыру қорынан төленбейді? Біртановтың жауабы

Танымал журналист Вера Захарчук өзінің Facebook-тегі парақшасында неліктен коронавирусқа тексерілу медициналық сақтандыру қорынан төленбейтіні жайлы сұрақ қойған еді, бұл сұраққа ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біртанов: 2025 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады

"Маған түсіндіріп беріңіздерші, неге мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тұрақты түрде төлем жасайтын МӘМС жүйесіне қатысушы ретінде мен осы қордағы ақшамның есебінен коронавирус сынағын жасай алмаймын? Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі, бұған бізді санитарлық дәрігерлер сендіріп жүр ғой? Сонымен бір жерге бару туралы сұрақ туындаған кезде мен неге қосымша ақы төлеуім керек? Ақыр соңында, көлік санитарлық дәрігері, карантин алынып тасталғаннан кейін де, короновирусқа теріс сынақ болмаса, олар сізді бортқа да, тіпті пойыз вагонына жібермейді деп айтты.

Ал мемлекеттік емханаларда ПТР сынағы 11500 теңге тұрады, шамамен 20000 - ға жуық ақша кетеді. Бұл қалай болғаны?", - деп жазды Вера.

Вераның бұл хабарламасына денсаулық сақтау министрі тікелей жауап берді.

"Қайырлы күн, Вера! Бұл мәселені жаңа ғана талқылап біттік.
Осы уақытқа дейін біз 4 санат бойынша 250 мыңға жуық тестілеуді тегін өткіздік: 1) шетелден келгендер; 2) науқастар және олармен байланысқан адамдар; 3) карантин кезеңінде жұмысын жалғастырған адамдар; 4) қарттар үйінің контингенті. Шындығында, 3 және 4 санаттарының 90% -ы сынақтан тегін өтті, олардың барлығы шамамен 70 мың адам", - деп жазды министр. 

Сонымен қатар, Біртанов бұл оңай және қымбат емес дүние екенін және бұған 2,8 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражаты жұмсалғанын атап өтті.

Одан бөлек, министр халықтың сынақтан өтуі жайлы да айта кетті.

"Болашақта эпидемия тұрақталғаннан кейін үш топ бойынша үздіксіз тексеруге көшу керек:
1) науқас азаматтар және олармен байланыста болғандар - медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі бюджеттен тегін тексеріледі;
2) жұмыс істейтін және сақтандырылған халық арнайы кесте бойынша - МӘМС есебінен тест тапсырады. Дәрігерлер мен әскерилерге мемлекеттік қаражат есебінен қол жеткізуге болады. Біз сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз...
3) қалғаны - ақылы түрде тексеріледі.

Жақын уақытта жұмыс істейтін азаматтарды жоспарлы түрде тестілеу әдеттегі жағдайға айналуы мүмкін (біз оны әзірлейміз) Жиілік жұмыстың сипатына және өндірістің эпидемиологиялық қауіпіне байланысты болады. Бұл арнайы алгоритм болады - яғни кесте. Ол көптеген елдерде дамытылуда.
Бірақ бұл көптеген азаматтардың қауіпсіз болуына және ел мен әлем бойынша саяхаттауға мүмкіндік береді", - деп жазды Біртанов.

Сөз соңында министр халықты шыдамдылыққа шақырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр