Неліктен елімізде коронавирусты анықтайтын тесттер жеткіліксіз: Бас санитарлық дәрігер жауап берді
Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мемлекеттік және жеке меншік сектордағы жұмыс берушілерден қызметкерлерде коронавирусқа ұқсас белгілер болмаса, ПТР сынағынан өтуге жібермеуін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жұмыс берушілердің мұндай талаптары кейбір аймақтарда тестілеудің жетіспеушілігіне, ауру белгілері бар науқас адамдардың тест тапсыра алмауына әкеліп соқтырады.
"Өкінішке орай, бүгінгі таңда барлық жұмыс берушілер, мемлекеттік және жеке меншік секторлар - өз қызметкерлерінен іссапардан, демалыстан оралған кезде ПТР тестілеуді талап етеді. Жұмыс орнынан тыс уақытта да қызметкерлер адамдармен байланыста болатынын ескеріп бұлай жасағандары дұрыс әрине, бірақ себепсіз тестілеуден өте беруге болмайды", - деді Айжан Есмағамбетова.
Есмағамбетова бүгінде Қазақстанда күн сайын 30 мыңға жуық сынақ өткізетін коронавирустық инфекцияны тексеруге арналған 56 зертхана бар екенін, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елімізде 1,4 миллион зерттеу жүргізілді, оның 80 пайызы ақысыз болғанын айтты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
