Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен балаларға арналған шампанға тыйым салу керек

Ресейдің бұрынғы санитарлық бас дәрігері, қазіргі мемлекеттік дума депутаты Геннадий Онищенко, балаларға арналған шампан ішімдігі өте зиянды деп мәлімдеме жасады.

_93149610_gettyimages-450855610

Фото: GETTY IMAGES

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

“Балаларға арналған шампан дегеніміз не? Бұл жәй ғана газдалған сусын болғанның өзінде, арақ ішуге итермелейді. Бұл бассыздық. Біз балаларды құртып жатырмыз”, – дейді Онищенко.

Ол сондай-ақ, Литва парламенті қарастырып жатқан балалар шампанына тыйым салу туралы заң жобасын қолдайтынын айтып, литвалықтардан үлгі алуға шақырды.

“Бұған тыйым салу керек. Мен мұны қолдаймын. Егер литвалықтар сол заңды жүзеге асырса, бізге де олардан үйрену керек болады”, – еді депутат.

Бұған дейін “Шаруалар ұйымы” және “жасылдар” депутаты литвалық Раса Кубилене елде балаларға арналған шампанға және басқа да кез-келген алкоголді ішімдікке еліктететін тауарларға тыйым салуды ұсынған болатын.

“Бұл тауарлардың барлығы балаларға кішкентай кезінен бастап алкоголге үйрете бастайды”, – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Арақ ішкендер ел алдына шығарылып масқараланатын болады

Таиландта бас сүйегі және жарты беті жоқ сәби дүниеге келді (фото)

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деген іске қатысты сот ісі аяқталды

Ділназ Ахмадиева Лидоның тағдырын түбегейлі өзгертті

Талқылау