Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деген іске қатысты сот ісі аяқталды

Алматыда балалар үйінің түлегі айыпталушы Серік Асылбекті кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сот мәліметінше, 19 жастағы жасөспірімнің кінәсі дәлелденген.

97aac835489da277e8dd12c494d3dea5_XL

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

10 жастағы бала зорлау ісі жыл басында қызу талқыға түскен еді. Оған балалар үйінің түлегі Серік Асылбек күдікті деп танылған болатын.

10 жасар бала камера алдында тұрып, жасөспірімнің тарапынан бірнеше рет зорлыққа түскенін айтты. Шулы оқиғадан соң бала патронат отбасына берілді.

«Оны 15 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң түзеу мекемесінде өтеуге шешім шықты. Оның педагогикалық қызмет пен кәмілеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салды», – дейді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Диас Махамбетов.

Серік Асылбектің жақтастары бір жыл бойы бірнеше баспасөз конференцияларын өткізіп, 10 жасар баланың айтқандарына күмән келтірді. Аружан Саин мұндай амалдарды әдетте жазадан құтылу үшін жасайтынын айтады.

«Үлкен қысымдар болып, тіпті бұл қылмыстық соттың болмай қалу қаупі туындаған. Бұл адамдардың балалар үйінің директоры мен өзге де қатысушыларына қатысты айғақтардыі беті ашылып, жетім балаларға зорлық көрсетуге жол берілгені айтыла ма деп қорқатынын білдіреді», – дейді қоғам қайраткері Аружан Саин.

Бұл іс соңына дейін жабылды деуге әлі ерте. Енді прокурорлар алдында балалар үйінің бұрынғы директоры ісінің қаншалықы заңды болғанын тексеру міндеті тұр.

Бұған дейін Алматыдағы балалар үйінің 10 жасар бала аталғанмекемедегі жыныстық зорлық туралы айтып берген еді. Балалар үйінің басшылығы жасөспірімдерді зорлау деректерін жоққа шығарған. Алматыдағы балалар үйіндегі зорлау туралы жаңа деректер анықталған.

Талқылау