Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен "Ауыл" мен "Адал" партиялары сайлауда жеңілді: Сарапшылар пікірі

Саясаттанушылар "Ауыл" және "Адал" партияларының мәжіліске өтуіне барлық мүмкіндігі болды деп есептейді. Белсенді үгіт-насихат, әлеуметтік желілердегі бейнероликтер және жаңа мүшелер – мұның бәрі парламенттегі орын үшін күресу ниетінің маңыздылығын көрсетеді. Бірақ барлық күш-жігеріне қарамастан, бұл партиялар жеткілікті дауыс жинай алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фотода: Саясаттанушылар - Ислам Кураев және Талғат Қалиев

Кейбір саяси сарапшылар "Адал" партиясын осы сайлауда фавориттердің қатарына қосты. Олар тіпті партияны парламенттегі "Ақ жолдың" орнын алады деп болжаған. Партия мүшелері сайлауға мұқият қарады: олар бұрынғы "Бірлік" атауын "Адал" деп өзгертті, өз құрамаларына танымал адамдарды тартып, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізді. Алайда партия сайлауда жеңілді. Белсенділер оған партияның жасы себеп болғанын айтады.

"Басты себеп, менің ойымша, партиямыздың жасында. Ол мүлдем жас партия, бірақ қысқа мерзім ішінде бүкіл Қазақстанға өзінің сауатты партия екенін көрсете алды", - деді ADAL саяси партиясының басшысы Серік Сұлтанғали.

Саясаттанушы Ислам Кураев "Адал" партиясы үгіт-насихат жұмыстарын тым кеш бастады деп санайды. Белсенді науқан да, жаңа мүшелердің қосылуы да қажетті нәтижеге жеткізген жоқ.

"Егер "Адал" партиясы ерте қимылдай бастағанда, өткен жылдың мамыр айында жұмыс бастағанда берік қамал құра алар еді. Сол кезде мен "Адал" не өтпеді деп айта алар едім. Ал қазір "Адалға" мәжіліске өтуге уақыт, жұртшылықпен қарым-қатынас, нақты әрекеттер жетпеді", - деді Ислам Кураев.

Парламентке өтпеген "Ауыл" партиясының жетекшісі Әли Бектаев сайлау заң аясында өткенін және барлық қатысушыларға тең мүмкіндіктер берілгенін мәлімдеді. 

Саясаттанушы Талғат Қалиев "Ауыл" партиясының парламентке өту мүмкіндігі жоғары болды деп санайды. Әсіресе, ел халқының жартысына жуығы – бұл үлкен электорат – ауылдарда тұрады. Бірақ "Ауыл" партиясы өз әлеуетін аша алмады. Оның бағдарламаларында ерекшеліктер жетіспеді. 

"Жалпы, барлық партия ауылды дамытуды ұсынады, жолды түзулеуді, әлеуметтік құрылымды дамытатынын айтады. Бірақ оның бәрі жалпылама сөздер. Оның нақты қадамдарын бірен-сараны ғана айтады. Жеңілген партияларда мүмкіндік, ынта, қалау болмаған сияқты", - деді Талғат Қалиев.

Дегенмен биылғы сайлаудағы жеңіліске қарамастан, екі партия да жұмысын одан әрі жалғастыруға ниетті.

Талқылау