Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен адамдар ондаған жылдар бойы бірге тұрады: біз елемейтін 10 себеп

Сіз жас ғашықтарға ұқсайтын қарт жұпты кездестіріп көрдіңіз бе? Ұзақ жылдар бойы жақсы қарым-қатынасты сақтаудың сыры неде?

Бір-бірімен қол ұстасып келе жатқан 70 жастағы екі адамды көргенде жүрегіміз елжіреп кететін рас.

Олар жылдар бойы қиындақтарға мойымай бірге өмір сүруінің құпиясы бар ма?

Әрине. Алайда бүгінгі таңда олардың көбісі ұмытылған.

Ал, есімізге түсіріп көрейік.

1. Олардың ортақ мүдделері бар және олар үнемі өздерін қызықтыратын нәрселерді іздейді.

Ортақ мүдделер адамдарды өзара жақындастырады.

2. Олар әр түнді бірге өткізеді.

Ұйықтауға дейінгі уақыт - бұл ең қымбат кез, өйткені дәл сол кезде сіз өзіңіздің сүйікті адамыңызбен өз сезімдеріңізді бөлісіп, оған қолдау көрсете аласыз.

3. Олар ешқашан бір-біріне реніш білдіріп, ұйықтамайды.

Бір келісімге келіп, әрқашан жан жарыңызға барлық келіспеушіліктерге, жанжалдарға, наразылықтар мен кемшіліктерге қарамастан оны жақсы көретіндігіңізді және сыйлайтындығыңызды айтып жүруді ұмытпаңыз.

4. Олар күннің басында және соңында бір-бірін құшақтап, сүйіспеншіліктерін білдіреді.

Осының арқасында жұптың бір-біріне деген махаббат сезімдерін артады, олардың көңіл-күйлері жақсарады, бір-біріне деген сенімдері артады.

5. Олар бір-біріне сенеді.

Егер сіз өзіңіздің жұбыңызға сенімді болсаңыз, оған сенім арта аласыз, ол сізге әрқашан қажет кезде көмекке келетінін білесіз.

6. Олар «кешір» дегеннің орнына «рахмет» дегенді жиі айтады.

Бақытты жұптар жағымсыз жақтарға қарағанда, жағымды жақтарға көп көңіл бөледі.

7. Олар бір-бірінің жетістіктеріне қуанады.

Бақытты жұптарда «сенікі - менікі» деген ұғым жоқ, оларда қуанышта да, қайғыда да барлығы ортақ.

8. Олар бір-біріне жағымды нәрселер жасауға тырысады.

Сүйіспеншілік пен қамқорлықты сезінуге осы кішкентай нәрселер жиі көмектеседі.

9. Олар бір-бірінің сезімдеріне құрметпен қарайды.

Бұл олардың әрқашан және барлық жағынан бір-бірімен келісетіндігін білдірмейді, бірақ кез-келген жағдайда олар бір-бірінің сезімдерін құрмет тұтады.

10. Олар жарасымды әзілдің маңыздылығын түсінеді.

Жарасымды әзіл бақытты жұптарға қолайсыз жағдайлардан шығуға және әр нәрсеге жеңіл қарауға көмектеседі.

Талқылау