Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен адамдар бор, жер және балшық жейді?

Әлемде он мыңдаған ас талғай білетін адамдар бар, олар өз рационына ақ бор, асқа қолданатын балшық, тіпті жер қосуды жөн көреді. Мұндай заттарды тағам ретінде қолдану пайдалы ма, жоқ па анықтап, білуге тырысайық.

Ақ безгек

Бор өнеркәсіптен бастап медицинаға дейін көптеген салаларда қолданылады. Бірақ кейбір адамдар үшін бор - күнделікті тұтынатын, ұнататын тағамның бірі. Бір жағынан, бұл ағзадағы кальцийдің жетіспеушілігін толтырудың тамаша мүмкіндігі, екінші жағынан, бұл химиялық элементтің көп мөлшері аурулардың ауыр түрлеріне әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, артық мөлшерде тұтыну бүйрек тастарының пайда болуына әкеледі. Массачусетс медицина университетінің ғалымдары кальций ағзаға оның сіңуіне ықпал ететін қосымша заттармен енген жағдайда ғана сіңетінін анықтапты.

«Борды тағам ретінде тұтыну пайдалы болуы үшін оның өндірісіне назар аудару керек: оны қалай алған, химиялық өңдеуден өткен бе, жоқ па. Карьерлерден алынған кальций тұтынуға жарамсыз келеді. Мұндай тәжірибелер метаболизм мен ағзаның жұмысын бұзады», - деп диетолог түсіндіреді.

Көптеген сарапшылар егер адам бордың жетіспеушілігінен зардап шегетін болса, онда оның ағзасында қоректік заттардың тепе-теңдігі бұзылғандығына сенімді.

«Борды жеумен болатын дүрлікпе ақпараттың, медициналық әсердің жетіспеушілігінен болады. Бұл тұтынушыларға борды жеудің орнына басқа ем қабылдау қажет. Науқастар қалқанша без, асқазан-ішек жолдары және бауыры ауыратыны туралы білмеуі де мүмкін », - дейді дәрігер.

Тағам ретінде тұтынатын балшық туралы не деуге болады?

Дұрыс тамақтанбау, көп мөлшерде ішімдік ішу, темекі шегу ағзада зиянды заттардың жиналуына әкелуі мүмкін. Денсаулық жағдайы нашарлап, бас ауырып, ауыз қуысында жағымсыз иіс пайда болады. Адам үнемі шаршап, тітіркенуді сезінеді. Бұл ағзаның улы заттарға толып қалуынан туындаған мәселелердің ең аз бөлігі ғана. Тағам ретінде тұтынатын балшықтың профилактикалық әсері бар екені барлығымызға мәлім. Балшық ағзаны пайдалы заттармен қанықтыра отырып, токсиндер мен улы заттарды шығаруға көмектеседі. Бірақ оны көп мөлшерде тұтыну жүрек пен ми артерияларының бітелуіне, ал ол өз кезегінде инфаркт және инсультке әкелуі мүмкін. Құрамындағы кремний тамырлар арасындағы алшақтықты тарылтады және балшықтың құрамына кіретін кальцийдің сіңуіне кедергі келтіреді.

Жеуге жарамды жер

Гиппократ өзінің күнделіктерінде жерді жейтін жүкті әйелді суреттеген. Оның айтуынша, бұл жас қызға барлық маңызды микроэлементтерді алып, дені сау баланы дүниеге әкелуі үшін қажет болған.

Африканың көптеген елдерінде жер жеу (геофагия) жиі кездеседі. Ол жақта сіз жер бөлшегін шайнап отырған адамдарды кездестіре аласыз. Бұл тағам түрі негізінен дәрі ретінде сатылатын дәрумендердің көпшілігін алмастырады. Дүние жүзіндегі көптеген елдерде тағам дәмін келтіру және токсиндерді шығару үшін тамақты балшықпен араластыру дәстүрі бар. 

«Тастар мен топырақты жеу арқылы жануарлар, әсіресе шөп жейтіндер ағзада натрийдің жетіспеушілігін азайтады. Сондықтан олардың рационында қажетті элементтермен байытылған өсімдіктер, минералданған сулар мен тау жыныстары басым келеді. Адамдармен де дәл солай. Бірақ әрдайым тұтынатын мөлшерге назар аударуыңыз керек. Мұндай заттарды рационыңызға енгізбес бұрын дәрігерден кеңес алған дұрыс», - деп диетолог кеңес береді.

Талқылау