"Некеміздің шытынағаны рас": Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасуға не себеп болғанын айтты

Белгілі журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай инста-парақшасында әйелімен ажырасқанын растап пост жариялады. Бірақ осы ақпаратты "істің ақ-қарасын білмей тұрып дәйексіз елге жариялады" деп ақпарат құралдарына ренішін білдірген ол соттың көмегіне жүгінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz

асхат Садырбай

"Шындық шапанын киіп жатқанда, өтірік елді аралап үлгереді" деген Асхат Садырбай отбасы жайлы тараған ақпаратқа қатысты сұрақтарға жауап жазды. 

"... Заңды некеміздің шытынағаны рас. Өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Әрекет адамнан, берекет Алладан. Ниетім де, ойым да түзу еді. Бірақ, екі адамнан құралатын одақта ниет те, ой да бір болмаса іс оңбайды, тірлік өнбейді екен", - дейді журналист.

Елдің алдында жүрген азамат ретінде елден ешнәрсе жасырмайтынын айтқан Асхат Садырбай өз әріптестерін жала жауып, жалған ақпарат таратқаны үшін сотқа беретінін айтты. 

"Кез-келген отбасыда келіспеушіліктер, өкпе-реніш болады. Оның барлығы екеуара шешіледі, болмаған жағдайда заң аясында, азаматтық тәртіпте қаралады. Кейбір ақпарат құралдары мәселенің мән-жайын, істің ақ-қарасын ажыратып алмай жатып дәйексіз әңгімені елге жариялап жіберген екен, жалған ақпарат берген адамдарды да, менің және баламның суретін рұқсатсыз жариялаған ақпарат құралдарын да сотқа беруге мәжбүрмін. Біріншіден, бұл жалған ақпарат, екіншіден, мені өз баласын қорлап жатыр деп жала жабу-ақылға сыймайды. Үшіншіден, бұл менің тал түсте тапталып жатқан азаматтық құқығым, төртіншіден менің атыма, іскерлік беделіме нұқсан келтірілуде", - деген ол әр сөзге дәлел болуы керектігін айтады. 

"Соттың шешімі шықпай тұрып, тіпті сот болмай жатып байбалам салу-жаңбыр жаумай су болу сияқты. Ешкім баланы анасынан немесе әкесінен айырғалы жатқан жоқ. Бала мәселесі бойынша сотқа арыз берілді. Барлығы өз ретімен, тәртібімен қаралуда. Соттың шешімін күту керек", - деген журналист әйелімен ажырасуға дейін баруына не себеп болғанын айтты. 

"Біз жұбайымызбен жәй ғана екіге айырылып кете алмадық. Себебі, баламның құқығына қарсы іс-әрекеттер орын алды, денсаулығына, жүйке-жүйесіне зиян тигізген бірнеше сәттер болды. Сол себепті мен оның барлығын дәлелдеп, ақты аққа, қараны қараға шығармақ ниеттемін. Менде барлық дәлелдер бар, жеткілікті. Бар ойым баламның болашағына балта шабудан сақтау. Әкесі ретінде оның тәрбиесі мен денсаулығына, болашағына жауапты екенімді ұмытпағайсыздар", - деп елді жалған ақпарттың жетегінде кетпеуге шақырған Асхат әңгіме баласы жайлы болғанда немқұрайлық немесе салғырттық таныта алмайтынын жеткізді. 

"Баланың құқығы, баланың денсаулығы, жақсы өмірі үшін шырылдап жатқаным-баламды қорлау емес қорғау деп білерсіздер. Қандай жағдай болмасын баланың кінәсі жоқ. Алайда баланы қару немесе қолшоқпар ғып қолдану дұрыс емес", - дейді Асхат Садырбай.
 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавируске қатысты заң шығарылды

Заң бойынша шетелдік азаматтар үш топқа бөліп қарастырылады екен

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда

Work and travel: Бағдарлама бойынша АҚШ-қа барып келген жастар тәжірибесімен бөлісті

Бағдарламаға қатысушы студент: Өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады

Ұйқы қанбаудың қауіптілігі айтылды

Ұйқы жетіспеушілігі ағзада бірқатар ауру туғызуы мүмкін

Қазақстанда есірткі сатумен айналысқан сегіз сайт анықталды

Олардың қызметі заңға қайшы деп табылды

"Бәйтерек" холдингінің басшылығы жалақылары жайлы айтудан бас тартты

Ұйым басшысының орынбасары үкіметтің бекіткен жарлығын алға тартты

Алматы қаласының әкімі Қордайдағы қақтығыс жайлы: Базар басшылығын түн ортасында жинадық

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қордайда болған қақтығыстарға байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулығына байланысты Бақауов түрмеден үйқамаққа ауыстырылды

Оның денсаулығы күрт нашарлап кетті

Карантинге жабылған кемедегі қазақстандықтар қашан елге жеткізіледі

Оларды елге ұшақпен алып келу жоспарлануда екен
Çàãðóçêà...