Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Негізсіз салық төлеп келген 2 мыңнан астам кәсіпкердің 2,4 млрд теңгесі қайтарылды

Құқық қорғау қызметі аясында Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіретін фактілерді анықтады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылдан бастап қоршаған ортаның тазалығын сақтамаған кәсіпорын мен өндіріс орындарына айыппұл төлеу бойынша міндетттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған.

"Соған қарамастан, бұл мән-жайларды білмей, кәсіпкерлер тиісті төлемдерді жүргізуді жалғастырды, ал салық органдары олардың негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген”,-  делінген хабарламада.

Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін "№3 Sk автовокзал паркі" ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 млн астам теңге төлеген. Сол сияқты басқа 2 203 кәсіпкер де бюджетке негізсіз 2,4 млрд теңгеден жоғары қаражатты аударған.

Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана, кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастағаны туралы жеткізілді.

"Сонымен қатар көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмыс басталған, 500 артық кәсіпкерге шамамен 30 млн теңге қайтарылды", - деді ведомство өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитетіне салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпаратты бизнес қауымдастыққа тиімді жеткізу жөніндегі шараларды әзірлей отырып, осындай жағдайдың туындау себептерін талдау тапсырылды.
 

Талқылау