Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Неге Сейфуллин көшесінің бойына бармайды": Айжан Байзақова зорлау туралы

Айжан Байзақова зорлау туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Digistan бағдарламасына сілтеме жасап. 

Неге Сейфуллин көшесінің бойына бармайды

Атышулы ару соңғы кездегі оқиғаларға байланысты зорлықшылар туралы жазбаларды жиі жазатын болып жүр. Ол жазбаларының астарын түсіндіріп берді. Сонымен қатар, қыз баланың өзіне кінә артып, сөгетіндерге жауап берген. Нәзік жандыларды киімі үшін емес, басқа себептермен зорлап кететінін түсіндіріп берді ол. 

"Адамдар қыз қысқа киінсе оны зорлап кетеді дейді. Бірақ балаларды да зорлайды ғой. Сонда балалар да өзін зорлауға итермелейді ме? Менің ойымша, мәселе қыздарда емес, зорлайтын адамдардың өзінде", - дейді Айжан Байзақова. 

Зорлауға итермеледі деп қыздарға кінә тағатын болсақ, зорланған балаларды қайтеміз деп шорт кесті ол. Егер зорлықшының есі дұрыс болса, өзімен өзі кетіп бара жатқан қызды емес, жезөкшелерді зорлайтын еді дейді блогер. Ол зорлау туралы пікірін ашық білдірді.

"Неге Сейфуллин көшесінің бойына бармайды? Неге жезөкшелерді зорламайды? Әдетте қорғаны жоқ қыздарды зорлайды. Қызды жалаңаш жүргені үшін емес, жалғыз жүргені үшін зорлап кетеді", - дейді Айжан Байзақова. 

Талқылау