"Не қарайсың?": Елорда тұрғыны бейтаныс адамды қарағаны үшін сұлатып салды
Нұр-Сұлтан қаласында бұзақы өзіне қараған ер адамды ұрып құлатты. Оқиға бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеп.
Полицейлердің ақпаратына қарағанда, елордалық тұрғын өз үйінің кіреберісіне келіп, жанында мас күйінде тұрған бейтаныс адамды көрген. "Неге қарайсың" деген сұрағынан кейін бейтаныс адам оған жұдырық жұмсаған. Алған соққы әсерінен үй иесі сол жерде есінен танып қалған.
Оқиға орынан өтіп бара жатқан ер адам жәбірленушіге есін жиюға көмектескен. Жәбірленуші оянған соң үйіне барып, полицияға шағымданған.
Бұзақылық ниетпен адам жарақаттаған 29 жастағы бұрын сотталған азамат ұсталды. Аталған факті бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн