Неге екені белгісіз: Мәжіліс депутаты отставкаға кету туралы өтініш берді

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Гүлнар Иксанова мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатуға өтініш берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының құжатында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

отставка

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Гүлнар Мұстахымқызы Иксанованың орнынан түсуі туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Г.М. Иксанованың парламент мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымы Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне енгізілсін", - делінген құжатта.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған Гүлнар Иксанова 1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономикалық факультетін бітіріп, саяси экономия кафедрасының ізденушісі болды.

1986 жылы аспирантураны бітіріп, сол кафедрада кандидаттық диссертациясын қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Әр жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің, Қазақ ауыл шаруашылық институтының оқытушысы болды, "Қазақстан теледидар және радиосы" телерадиокешенінде, "ТАҢ" телекомпаниясында, "Хабар" агенттігінде қызмет етті. 

2012 жылдың қаңтар айынан бастап бесінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы.

2014 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып сайланды.

Сондай-ақ ол - Nur Otan партиясы cаяси кеңесінің мүшесі, ҚР президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі.

"Кұрмет", "Парасат" ордендерімен, медальдармен марапатталған, БАҚ саласындағы ҚР президенті сыйлығының лауреаты.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Кімнің қанша бергенін жазудың не қажеті бар?": Желідегілер қазақша жерлеуді сынап тастады

Дәрігер: Дастарханда жесір әйел мен балаларды сабырға шақырудан басқаның бәрі айтылды

Боливияның бұрынғы президенті елден кетті

Бұл туралы Моралес әлеуметтік желіде айтқан

Елбасы ядролық қарусыз жаһандық көшбасшылық ұйым құруды ұсынды

Назарбаев: Жаһандық көшбасшылар одағын құруды бастау қажет деп санаймын

Қазақстанда бірнеше митинг болып өтті

Алматыдағы шеру санкцияланбаған екен

Денесінде 480 пирсинг пен мүйізі бар ер адам жұртты таңқалдырды

Брюссель қаласында боди-арт сүйер қауым үшін ерекше шара өтті

Бірнеше рет жедел жәрдем шақырды: Екі баласымен терезеден секіріп кеткен әйелдің оқиғасы

Жедел жәрдем қызметі шақырылған мекен-жайға келмеген

"Тальго" пойызында тағы да зорлық әрекеті анықталды: Танымал спортшы болған азамат күдікке ілінді

Түнде купеге кіріп, ұйықтап жатқан қызды сипалай бастаған

Ақтаулық таксистің адалдығы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Такси жүргізушісі әмиян иесін іздеп жүріп 141 мың теңгені қайтарып берді

"Түнімен жыланмен арпалысамыз": Алматы облысының тұрғыны үйінің жағдайы туралы айтты

Үйінде жылан мен егеуқұйрық қаптап жүретін көрінеді

Наталья Слекишинаны зорлады деп айыпталған мекеме қызметкері түрмеге қайта оралды

Экс-бақылаушыға жұмысқа орналасуға мүмкіндік берілед
Çàãðóçêà...