Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неге Alina Group саланы біріктіруші рөлін өзіне алып отыр

ProForum Central Asia 2026

Қазақстандағы құрылыс және әрлеу материалы нарығы өсіп келеді. Алайда оны басқару қиындай түсен. Соңғы жылдары құрылыстағы бум, урбанизация мен тұрғын үйлердің көп салынуы әсерінен бұл сала айтарлықтай өскен. Сарапшылардың дерегінше, қолданысқа берілген тұрғын үйлер аумағы мен құрылыс материалдарына сұраныс өскен. Бірақ бұл тұрақты өсім иллюзиясының пайда болуына әкелді. 2024-2025 жылдары өсімнің тұрақты емес екені айқын белгілі болды. 

Нарық қазір мынандай фазада тұр: 

  • Сұраныс тұрақты емес;
  • Маржа азайды;
  • Тұтынушылардың әрекетін болжау қиын;
  • Стратегиядағы қателік бұрынғыдан да қымбатқа түседі.

Басты қатер экономикада емес, нарықтың сан тарапақа бөлінуінде. 

Фрагментация – жүйелі мәселе

Саланың ауқымына қарамастан, Орталық Азиядағы құрылыс және әрлеу материалы нарығы әлі де бір ортаға бірікпеген. Өндірушілер, құрылыс компаниялары, дистрибьюторлар мен мемлекеттік құрылымдар әр түрлі бағытта жұмыс істеп, шешімін табуға көбіне ұмтылмайды. Нәижесінде шешім тек белгілі аумақты қамтиды. Болжамдар бір-біріне қайшы келіп, үздік практика тек компания ішінде барып келеді. Alina Group осы бағыттарды біріктіруге басымдық бермек. 

Alina Group-тың жауабы: бұған дейін болмаған алаң құру

ProForum Central Asia 2026 – осы олқылықты жоюға жасалған қадам. Бұл Орталық Азиядағы құрылыс-әрлеу материалы мен жылжымайтын мүлік нарығындағы негізгі ойыншылардың басын қосатын алғашқы ірі бизнес-алаң болмақ.

Бір алаңда Қазақстан, Ресей мен Азиядағы жетекші сарапшылар мен экономистер, жетекші компания басшылары, өндірушілер мен девелоперлік бағыт өкілдері кездеседі. 

Болжамнан нақты сценарийге 

Форумдағы басты сауал – 2026-2024 жылдары нарықты не күтіп тұр және қандай шара қабылдау керек?

Мұндағы маңыздысы болжам емес, тәжірибеде. Компанияның негізін қалаушылар мен басшылары 2000, 2008, 2013 жылдағы дағдарысты қалай еңсергенін айтып береді. Сондай-ақ нарықта өз орнын сақтап қоймай, үлкеюге қажет шешімдерді айтады. 

Бәсекенің жаңа деңгейі

Нарық өзгеріп жатыр. Бұрын өндірісі мықтылар мен дистрибуциясы кең компаниялар жеңсе, қазір жылдам сараптама жасап, дәл болжайтын, стратегиясы икемділер басып озады. 

Неге мұны дәл Alina Group жасап отыр

Alina Group үшін ProForum-ды іске қосу – бұл PR немесе маркетингтік жоба емес. Бұл компанияның бизнесті дамыту логикасы: ол саланың дәл ортасында орналасқан – өндіріс, нарық және тұтынушы арасындағы буын.
Компания іс жүзінде жаңа рөлді өзіне алып отыр – нарықтың жай ғана қатысушысы емес, оның интеграторы.

Неге дәл қазір

ProForum Central Asia 2026-ның дәл осы уақытта пайда болуының екі стратегиялық себебі бар.

Біріншісі – символикалық әрі практикалық мәні бар. 30 жыл бұрын AlinEX бренді іске қосылып, Қазақстандағы құрылыс-әрлеу материалдары нарығын қалыптастырған, әрі еврожөндеуді жаппай қолжетімді еткен өнімге айналды.

Бұл жай ғана өнім емес еді. Ол тұтыну моделін өзгертті: тапшылық пен қолөнерлік шешімдерден стандартталған сапа мен технологияға көшу. Осы мерейтой саланың келесі кезеңін қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік беретін нүкте: соңғы 30 жылда не өзгерді және келесі даму кезеңі қандай болады.

Екінші себеп әлдеқайда күрделі. 2026–2027 жылдары бірнеше белгісіз фактор бір уақытта әсер етеді:

  • тұтыну құрылымының өзгеруі;
  • халық табысына қысым;
  • құрылыс нарығының трансформациясы;
  • жаһандық экономиканың жергілікті тізбектерге ықпалы.

Нарық бұрынғы модельдермен жұмыс істейтін кезеңнен шығып барады. ProForum осы өзгерістерге жауап ретінде пайда болып отыр: жай талқылау емес, жаңа цикл алдында нарықты үйлестіру әрекеті.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 09:00