NEF Qazaqstan басшысы Тарық Волкан Оскай ұсталды
Фото: видеодан кадр
Ішкі істер министрлігі NEF Qazaqstan компаниясының басқарушы серіктесі Тарық Волкан Оскайдың ұсталғанын ресми түрде растады, ол бұған дейін іздеуде болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетейік, биыл көктемде Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы Nef түрік құрылыс холдингінің Қазақстандағы өкілдігі NEF Qazaqstan компаниясының 51 жастағы басқарушы серіктесіне қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны мәлім болған.
Полицейлер оның ұсталғанын мәлімдеді.
"Күдікті қамауға алынды. Бұл дерек бойынша Алматы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу шеңберінде істің барлық мән-жайларын анықтаудың толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтері жария етуге жатпайды", – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ ықтимал экстрадицияға қатысты мәселелер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құзыретіне жататыны айтылған.

АҚШ-та ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы хал үстінде жатыр: Ағасы емге 270 миллион теңге қажет екенін айтты
