Небәрі 3 жасында ән айтып Джексонның биін билеген Меденованың інісі таңқалдырды (видео)
Әнші, саксофоншы Ермек Меденовтің ұлы тойда ән айтып, Майкл Джексонның биін биледі. Кішкентай Батонның (Айдана Меденова бүлдіршінді осылай атаған) өнері ел назарын аудартпай қоймады, деп хабарлайды Stan.kz.
Меденовтер әулетінің ізбасары небәрі 3 жаста. Айдана Меденованың айтуынша, жастай сахнаға шығу бойынша Ермектің ұлы рекордты бұзды.
Фото: comode.kz
Бұған дейінгі рекорд 5 жасынан бастап тойда отбасылық ансамльмен бірге ән салған Айдана Меденоваға тиесілі болатын.
«Талантты адам барлық жағынан талантты» демей ме? Кішкентай Батон «Жазда апамның аулына» әнін орындап шықты. Одан кейін әлемге әйгілі поп-музыка патшасы Майкл Джексонның биін билеп, елді сүйсінтті.
Видеоны тамашалап үлгерген желі қолданушылары Батонның әкесінен аумай қалғанын айтып жатты.
Жіберіп алмаңыз:
Әли Оқапов «сүйіктісін» ән байқауынан шығарып тастады (видео)
«Кеш you» солисі әншілікті тастап, актрисалыққа бет бұратынын айтты
Қайрат Нұртас жаңа бейнебаянының тұсауын кесті (видео)
Роза Рымбаева соңғы 25 жылда барлық туысқанын қалаға көшіріп, жұмысқа орналастырған