Небәрі 2 сағатта жұмыстан шыққан қария күлкілі оқиғасын баяндап берді
Walmart супермаркетінде небәрі екі сағат жұмыс істеп үлгерген қарияның оқиғасы.
Бұл туралы best-fan.ru басылымы хабарлайды.
Қария алғашқы күні небәрі екі сағаттан кейін жұмыстан шығып қалған. Мұның себебі неде? Себебі өте күлкілі деп айтуға болады. Адамдардың бір бөлігі оның бастығын қоштаса, екіншілері керісінше пікір білдіріп жатыр. Осы оқиғаға қатысты сіздің де айтарыңыз бар екеніне сенімдімін.
Қария жуырда әскердегі жұмысын тастап қалаға келген. Жалғыз өзі үйде отыра беруден жабығып, жарты күнге жұмысқа орналасқан. Жұмыс іздеп жүріп күтпеген жерден америкалық Walmart сауда желісіне орналасады. Бірақ, ол бұл жерде аз уақыт қана жұмыс істейді.
“Мен Walmart дүкендерінің біріне жұмысқа кірдім. Зейнеткерлер үшін таптырмас жұмыс екен. Алайда мен ол жерде тек тәулікке жуық уақыт қана жұмыс істеп үлгердім. Жұмыс барысында қайыршыға ұқсайтын әйел екі баласымен бірге дүкенге кіріп келді. Ол балаларына түрлі боғауыз сөздер айтып, дауыс көтерді. Мен шыдамай сыпайы түрде “Қайырлы таң! Walmart дүкеніне қош келдіңіз! Балаларыңыз әдемі екен. Олар егіздер ме?” деп сұрадым.
Әрине, іштей балалардың егіз еместігін білдім. Әйел балаларына айқайлағанды доғарып “Сайтан алғыр, олар егіз емес. Үлкені тоғыз, кішісі жеті жаста. Сайтан алғыр, неге оларды егіздер деп ойладың? Сен соқырсың ба? Әлде ақымақсың ба?” деді.
Мұндай дөрекілікке қалай шыдарымды білмедім. Ақыры “Мен соқыр да, ақымақ та емеспін, ханым. Мен бар болғаны сізбен екі мәрте төсектес болуға келіскен ер адамның бар екеніне таңғалып тұрмын. Күніңіз сәтті өтсін және келгеніңіз үшін рахмет!” деп шығарып салдым. Ал бастығым менің бұл жұмысқа сай келмейтінімді айтып, жұмыстан шығарып жіберді.
Ал сіздер қалай ойлайсыздар, қария дұрыс жасады ма?
Жіберіп алмаңыздар:
Пәкістанда екібасты бұзау туды (видео)
Қытайлық пойызбен 50 жыланды тасымалдамақ болған
Мысығы тістеп алған ер адам 27 күн комада жатқан
Бір аяғы кесілген оқушы рак ауруын жеңіп, балет бишісі атанды