Небәрі 10 айлық сәбидің салмағы 9 жасар баланікімен бірдей
10 айлық Луис Мануэльдің салмағы қазір 30 килограмды құрайды. Дәрігерлердің болжамынша, Мексиканың Колима штатында дүниеге келген нәресте Прадер-Вилли синдромына шалдыққан болуы мүмкін.
Бұл туралы ағылшын басылымы Metro-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Луистің ата-анасы балаларының еміне қажетті қаражатты жинау үшін елден көмек сұрады. Себебі диагноз расталған жағдайда ата-анасы ем-домды төлеуге қауқарсыз.
Дәрігерлердің айтуынша, сәби өз қалпына келу үшін оған гормондар инъекциясы жасалуы тиіс. Ал әр гормонды ағзаға енгізу процедурасы 10 000 доллар тұрады.
Дүниеге келген кезде Луистің салмағы 3,5 келіні құраған. Алайда көп ұзамай оның салмағы шамадан тыс арта бастаған.
“Тіпті, бір айдан кейін киімдері сыймай қалды. Екі айлық кезінде оған 1-2 жасар балалардың киімін кигіздік”, – дейді сәбидің анасы Изабель Пантоя.
“Баламыздың тез салмақ қосып жатқанын көрдік. Кейде сол үшін тынысы тарылып, ұйықтай алмайтын”, – деп атап өтті сәбидің әкесі.
Дәрігерлердің айтуынша, Луистің қазіргі салмағы 9 жасар баланікімен бірдей.
Прадера-Вилли синдромы – генетикалық дерт. Оған шалдыққан адам үнемі өзін аш сезінеді. Салдарынан асты көп мөлшерде тұтынған адамның салмағы артып, семіздікке душар болады.
Луистің әкесі Марио Гонсалес ұлының денсаулығы үшін қатты алаңдаулы. Себебі бұл дертті көтере алмай көз жұмған балалар да бар көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Америкалық әуе компаниясы алғаш рет тек әйелдерден құралған экипажбен ұшты
Түркияда 19 жастағы орыс қызын бір топ жігіт зорлап, видеоға түсірген