Не себепті смартфонға былғары дизайн және микроскоп қажет: OPPO Reno смартфондарының кезекті топтамасын жарыққа шығарды
OPPO және Димаш Құдайберген онлайн-презентация аясында жаңа өнімдерді таныстырды. Смартфон жасау бойынша нарықтағы көшбасшылардың бірі іс-шараны үлкен виртуалды студияда өткізді. Жиынға бірнеше жылдан бері OPPO смартфонын әлемге паш етіп жүрген брендтің Қазақстандағы амбассадоры Димаш Құдайберген де қатысты. Смартфонның ерекше функциялары мен бірегей стилі көздің жауын алады. Мұндай дизайн OPPO-ның өзінде де, басқаларын да бұрын-соңды болмаған.
OPPO-дағы бұл жаңашылдық шығармашыл жастарға бағытталған. Алайда бұл Reno смартфондары басқа буын өкілдеріне арналмаған деген сөз емес. Себебі мұндай құрылғылар қашан да сенімділікке ие және әрбір қолдану үшін ыңғайлы болмақ. Бір жыл бұрын да OPPO-ның Қазақстандағы өкілдігі іс-шараны өткізу орны ретінде бренд пен бренд-амбассадор деңгейіне лайық үлкен виртуалды студияны таңдаған болатын. Мұндай технологияларды қолданып тұсаукесерлер өткізу елімізде алғаш рет орын алды.
Әдетте технологиялық компаниялар Стив Джобстың жолын қуып, тұсаукесерді сахна мен үлкен экраны бар залдарда өткізуді жөн көреді. Бірақ OPPO бәрін де басып озды. Сондай-ақ компания бірнеше жылдан бері әлемге әйгілі әншімен серіктестік орнатқан. Бұл жолы да Димаш Құдайберген тұсаукесерге қатысып қана қоймай, жаңа смартфонды бағалап, өзіне ұнаған мүмкіндіктері атады.
"Reno 7-ні мен жарнама түсіру кезінде қолдандым. Ол өте стильді және әдемі, дизайны да ұнады. Сондай-ақ микролинзаның функциясына таң қалдым", – деді ол.
Reno-ның әрбір жаңа топтамасы сапалы контент жасауға мүмкіндік сыйлайд. Бұл жолы одан да көп жаңашылдық бар. Модельдің ұраны – "Контент үшін ең жақсы. Шектеу жоқ." Смартфонда wow факторы ретінде қарастыруға болатын тағы бір мүмкіндік бар. Бұл - микролинза. Оның көмегімен бейнені 15x және 30x-ға дейін ұлғайтып, әлемді егжей-тегжейлі оңай көруге болады. Камера тіпті адам көзі жетпейтін зергерлік бұйымдардың ұсақ бөлшектері мен матада тігілген әдемі суреттердің тігісіне дейін айыра алады. Бұл "микроскоп" режимі студенттерге де пайдалы: биология немесе география сабақтарында олар жәндіктер немесе тау жыныстарының үлгілері сияқты кейбір көрнекі әдістемелік материалдарды өте жақсы көре алады.
64 МП камералар блогының негізгі сенсоры айқын фотосуреттер жасауға бағытталған. Көркем суреттерді сүйетіндер үшін Bokeh Flare Portrait функциясы бар. Бұл сізге атмосфералық кадрларды айналы камералардың жарық түсіретін оптикасы сияқты деңгейде алуға мүмкіндік береді. Дегенмен селфи камерасы да одан қалыспайды. Онда OPPO инженерлері Sony мамандарымен бірлесіп жасаған IMX709 флагмандық сенсоры қолданылған. Шын мәнінде сапалы кескіндерді алу үшін көбірек жарық қажет екені белгілі. Күндіз әрине суретті түсіру оңай, бірақ түнде немесе қараңғы бөлмеде жарық үнемі жеткіліксіз болады. Сондықтан матрицаға W-пиксельдер қосылды. Олар таза ақ түсті және өте сезімтал. Бұл жарық аз жерде түсірілген фотосуреттің сапасын қамтамасыз етеді.
Әрине, Reno 7 сыртқы келбетімен де қуантады. Жалпы алғанда, компания әрқашан смартфондардың дизайнын мүмкіндігінше стильді және премиум етіп жасауға тырысады. Бұл жолы да бренд өз клиенттерін таңғалдырмақ. Reno7-нің сыртқы көрінісі ультра жұқа ретродизайн деп аталады. Кесілген пішіндер мен айқын қырлар беріктік пен ыңғайлылық сезімін тудырады. Ал қызғылт сары нұсқадағы батарея қақпағы былғары және шыны талшық технологиясын қолдану арқылы жасалынды. Сыртынан былғары сияқты көрінеді, смартфонды ұстасаң да былғарыны ұстағандай сезім туындайды.
Компания Қазақстанда табысты жұмыс істеуде. Сондай-ақ қанша жылдан бері нарық көшбасшыларының қатарында тұр. Бұл туралы презентация барысында OPPO Kazakhstan брендін дамыту бөлімінің басшысы Ботагөз Карибаева айтып берді
"Қазақстанда OPPO-ны бәрі жақсы көреді және бағалайды. Біз мұны әлеуметтік желілердегі сұраныс бойынша сатылған даналардың саны арқылы біліп отырмыз. Клиенттер смартфондарды ғана емес, сонымен қатар OPPO брендінің басқа да өнімдерін алғысы келеді. Бұған "бәрі дәл OPPO-дай болуы керек” деген жазбалары дәлел, – деді ол.
Reno7 смартфонының құны 219 990 теңге, сатылым бүгіннен басталады. OPPO Reno7 әлеуметтік желілерге фото және видео түсіретін жас қолданылушыларын қуантады. Сондай-ақ көзге күтім жасау функциясы бар смартфон экрандары олардың ата-аналарын да бейжай қалдырмайды. Барлығына смартфонның тез қуатталатыны, стильді дизайны және сенімділігі ұнары сөзсіз. Ал ең алғашқы сатып алушылар көптеген сыйлықтар ұтып ала алады. Олардың ішінде ең кереметі – демалысқа жолдама. Барлық мәліметтер @oppokazakhstan ресми Instagram аккаунтында.
Жарнама құқығында.