Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не істетпеді депутаттық қу атақ?": Ақындар кеше өткен сайлауды келеке қылды

Айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуезхан және әзілкеш, “Өнер қырандары” театрының мүшесі Дәулет Бижанов сайлау туралы әзіл өлең шығарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/olensoz_kz

“Үйтіп-бүйтіп сайлауды да бітірдік, 

Шетімізден кандидат боп құтырдық. 

Кешіксе де тойларға, ерте барып сайлауға,

Ел өзгере бастапты ғой, шіркін-ай.

Учаскеге бармағандар әй, қанша?

Үйде жатты ұйқыға әбден тойғанша.

Бармай ұйықтап қалғандар, ертең ренжім қалмаңдар,

Ұйықтайтын депутаттар сайланса”, – деп жырлады ақындар.

Мемлекет басшысының ел қатарлы сайлауға барып, дауыс бергені де сөз болды.

“Елмен бірге ерте барды Тоқаев, 

Күзетшілер көрінбеді қоқайып.

Охраналар қайда екен? Келмегені жай ма екен?

Депутат боп кеткен шығар қатайып.

Не істетпеді депутаттық қу атақ?

Қаптап кетті афиша мен плакат,

Типографияң  болған қандай рахат”, – деген айтыскерлер жаңа Қазақстанда ескі әндерді де еске алып, мақамына салды.

“Кандидат жауған көктемде,

Уәдені үйіп-төккенде.

Дауыстың бәрін жинап ап,

Парламент жаққа кеткенде,

Есіңе елді алғайсың”, -деп үміткерлердің есіне халыққа берген уәдесін салды.

 

Талқылау