Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не деген бақытты бүлдіршін": Бесік тойында құндыз тон киген сәби жұртты таңғалдырды

Әлеуметтік желіде Айлуна есімді қыз баланың бесік тойында түсірілген видеосы тарады. Бейнежазбада сәбидің нағашы әжесі жиен немересіне аста-төк сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

Видеода әйел адам Айлуна есімді жиен немересіне қыз жасауын жасағандай киімдері мен ойыншықтар сыйлады. Онымен қоймай тойға жиналған қауымға әр дүниесін жеке-жеке көрсетіп, қызы мен күйеу баласына ақшалай сыйлық табыстады.

“Мына картада 1 миллион теңге ақша бар. Жұлдызбек те, Алинұр да ала алмайды. 18 жасқа дейін жиналады”, – дейді видеодағы әйел.

Бесік тойы өтіп жатқан Айлуна құндыз, ішік тонның түр-түрін киіп, жиналған жұртты таңғалдырды. Әжесі немересіне 3-4 жасқа дейін төрт мезгіл киетін аяқ киімдері мен сырт киімдерін түгендеп, сыйға тартты. Онымен қоса әдемі көйлектері де бар. 

Желі қолданушыларының бірі сәбиге қызыға қараса, енді бірі үлкендердің бұл ісін мақтаншақтыққа балады.

“Бүкіл әлемнің қыздары Айлунаға қызығатын шығар”, “Не деген бақытты сәби”, “Бір жола ұзатып жібермедіңдер ме?”, “Күйеуге тигенде не берер екен”, “Қызды осылай құрметтеу керек”, “Көрпеңе қарай көсіл”, “Мына киімдерді киіп үлгермейді ғой”, “Мынадай киімдер менің артымнан келмеген”, “Дым көрмегендік”, “Мақтаншақтық қой”, – деп видео астында пікір қалдырды желі қолданушылары.

 

 

 

 

Талқылау