Назым Қызайбай World Boxing рейтингінде бірінші орнынан айырылды
Фото:boxingkazakhstan
Бокстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай 48 келі салмақтың рейтингінде бірінші орнынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықыралық World Boxing ұйымы 2025 жылдың жаңартылған рейтинг кестесінде жариялады.
Аталмыш тізімде Назым Қызайбай бірінші орындағы позициясынан айырылып, екінші орынға төмендеді. 48 келінің рейтингте үздіктер көшін үндістандық Минакши Минакши 1900 ұпаймен бастап тұр.
Жаңартылған тізімде екі қазақстандық боксшы өз салмақтарында бірінші орынды иеленіп отыр:
• 65 кг дейін – Аида Әбікеева (1575 ұпай);
• 70 кг дейін – Наталья Богданова (1650 ұпай).
Әйелдер арасындағы өзге салмақтардағы қазақстандық боксшылардың нәтижелері төмендегідей:
• 48 кг дейін – Назым Қызайбай – 2-орын;
• 51 кг дейін – Алуа Балқыбекова – 2-орын;
• 57 кг дейін – Карина Ибрагимова – 11-орын;
• 60 кг дейін – Виктория Графеева – 3-орын;
• 75 кг дейін – Надежда Рябец – 13-орын;
• 80 кг дейін – Гүлсая Ержан – 6-орын;
• 80 кг-нан жоғары – Елдана Тәліпова – 3-орын.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері және Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы. Ол соңғы рет Ливерпульде өткен әлем чемпионатында финалға шығып, төртінші мәрте әлем чемпионы атануға мүмкіндік алған еді. Алайда шешуші жекпе-жекте төрешілер жеңісті дәл осы үндістандық Минакши Минакшиге берді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты фотосуретке түсініктеме берді

