Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назым Қызайбай өзбекстандық спортшыны ойсырата жеңді: Енді ол Әлем чемпионатында алтынға таласпақ

Назым ҚызайбайФото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қызайбай Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай әлем біріншілігінің финалына жолдама алып, шешуші айқаста алтын медаль үшін бақ сынайды. Ал Сабина Бобокулова турнирді "қола" жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл жарыс World Boxing ұйымының тарихындағы тұңғыш "ересектер" арасындағы әлем чемпионаттарының бірі.


Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева әлем чемпионатының финалына шықты


Бокстан әлем чемпионатының ширек финалында бес өзбек боксшысының төртеуі қазақ спортшыларын жеңіп кетті


Еске салайық, бұған дейін Айбек Оралбай атақты Ла Крусты жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алғанын жазған едік. Тартысты жекпе-жекте Оралбай үшінші раундта нокдаунға түскеніне қарамастан, табандылық танытып, қарсыласын төрешілер шешімімен ұтты.

 

STAN.KZ
Сенбі, 13 Қыркүйек, 2025 18:45
Талқылау