Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ТОП-50: Назарбаевтың немересі Қазақстандағы ең үздік жас басқарушы атанды

Нұрәлі Әлиев инвестициялық Capital Holding холдингінің басшысы ретінде үздіктер қатарында көш бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрәлі Әлиев

Yedilov Online Telegram-каналы жыл сайынғы Қазақстанның ең жас үздік басқарушылар тізімін жариялады. 50 адамнан құралған рейтингіде Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі көш бастады. 

34 жастағы Нұрәлі Әлиев Capital Holding инвестициялық холдингтің басшысы ретінде көш бастап тұр. 

2018 жылы ол бұл тізімде бесінші орыннан көрінген еді. Бірінші орында Елбасының жиен інісі, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішев тұрды. 

Биыл екінші орында Нұрсұлтан Назарбаевтың қызының күйеуі, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов тұр. 

Үшінші орында – білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ал төртінші орында – ҚР президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Әлия Рақышева.

Сондай-ақ, бұл бестікті BeInTech IT компаниясының бас директоры Бағдат Мусин бекітті. 

Талқылау