Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың немересі “Қайрат” – “Реал” матчынан кейін Рахат Әлиевтің еңбегі туралы айтты

Нұрәлі Әлиев/Рахат Әлиев

Фото: ttc.kz/Нұрәлі Әлиев

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы тарихи матчтан соң әкесі Рахат Әлиевті еске алды. Сөзінше, оның марқұм әкесінің УЕФА-ға кіру шешімімен бұл матч болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұрәлі Әлиев Instagram парақшасында әкесін еске алғандар көп болғанын атап өтті. Рахат Әлиев Қазақстан футбол федерациясын басқарған кезінде ел 2002 жылы 25 сәуірде Азия конфедерациясының құрамынан шығып, ресми түрде еуропалық футболға қосылды.


Алматының сұлулығы туралы ролик "Реал Мадридтің" аккаунтында 20 миллионнан астам рет қаралды


Нұрәлі Әлиев 2005 жылы Қазақстан құрамасы Грекияны қабылдаған кезде УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платинидің Алматыға сапарын да еске алды.

"Кеше Орталық стадионда Чемпиондар лигасының матчын тамашаладым. Біздің "Қайрат" УЕФА-ның ең жүлделі клубы "Реал Мадридке" қарсы ойнады. Соның бәрі Алматыда! Сол кезде мен бұл қаншалықты стратегиялық шешім екенін түсіндім. Араға жылдар салып, ол өз жемісін беріп жатыр. Мен бәрімен мақтанамын!", – деді Нұрәлі Әлиев. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 12:34
Талқылау